Этта Зубер

18:20, 2021 ж. сәуірдің 29 кезіндегі Dianakaldybek (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа Эмори Университетінің Түлектері» деген санатты аластады (HotCat құралының көмегімен))


Этта Зубер (некеде - Фалконер; ағылш. Etta Zuber Falconer; 1933, Тьюпело, Ли округі, АҚШ — тың Миссисипи штаты — 2002) - америкалық педагог, математик, АҚШ-та математика пәні бойынша философия докторы дәрежесін(PhD) алған алғашқы екі африкалық-американдық әйелдің бірі.

Этта Зубер
Этта Зубер Фалконер
Туған күні

21 қараша 1933[1][2][3]

Туған жері

Тьюпело

Қайтыс болған күні

19 қыркүйек 2002[4]

Қайтыс болған жері

Атланта[5]

Жұмыс орны

Spelman College
Norfolk State University

Ғылыми дәрежесі

математика бойынша философия докторы(PhD)

Альма-матер

Мадисондағы Висконсин университеті (1954)[6]
Фиск университеті
Эмори Университеті
Carver High School

Ғылыми жетекші

Trevor Evans[7]

Марапаттары


Louise Hay Award (1995)



Өмірбаяны

Дәрігердің қызы. 1949 жылы Джордж Вашингтон орта мектебін бітірді. 15 жасында Теннесси штатының Нашвилл қаласындағы Фиск университетіне түсіп, онда 1953 жылы Математика және Химия мамандығы бойынша үздік бітірді. Мадисондағы Висконсин университетінде оқуын жалғастырып, математика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды (1954).

Оқытушылық мансабын 1954 жылы Okolona Junior College-де бастады.

Отбасы 1965 жылы Атлантаға көшкеннен кейін Эмори университетінің аспирантурасына түсті. 1969 жылы Эмори математика бойынша философия докторы болды, АҚШ-та осы ғылыми дәреже берілген алғашқы екі африкалық-американдық әйелдердің бірі (жалпы алгебра бойынша диссертация).

Атлантадағы Spelman College математика бөлімінің бастығы болып жұмыс істей отырып, компьютерлік ғылымдар бөлімін құруға қатысты, Атлантадағы университеттің аспирантурасына оралды, нәтижесінде компьютерлік ғылымдар магистрі дәрежесін алды (1982).

Өмірінің 37 жылын оқытушылық қызметке арнады. 2002 жылдың мамыр айына дейін зейнеткерлікке шыққанға дейін математика профессоры және математика бөлімінің бастығы (1972), жаратылыстану ғылымдары бөлімінің бастығы (1982) және математика профессоры және ғылыми бөлім бойынша адъюнкт-проректор (1990) болып жұмыс істеді.

2002 жылдың қыркүйегінде ұйқы безінің қатерлі ісігінен қайтыс болды.

Математик әйелдер қауымдастығының құрметті мүшесі (1995). 2001 жылы американдық ғылымды дамыту қауымдастығы доктор Э.Зубер Фалконерге көпжылдық жетістіктері мен ғылымға қосқан үлестері үшін сыйлық берді.

Доктор Э. Зубер Фалконер өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде оның бүкіл өмірі "математика саласындағы жоғары білікті африкалық американдықтардың санын көбейтуге арналған"деп мәлімдеді.

Деррекөз

  1. Indiana University Press, 1999. — С. 96—98. — ISBN 978-0-253-33603-3
  2. Математика тарихы мұрағаты Мактьютор
  3. Etta Zuber Falconer
  4. Математика тарихы мұрағаты Мактьютор
  5. Etta Zuber Falconer
  6. Indiana University Press, 1999. — С. 96—98. — ISBN 978-0-253-33603-3
  7. 1997.