Балықшы (Атырау қалалық әкімдігі)
Балықшы — Атырау облысының Атырау қалалық әкімшілігіне қарасты болған кент, 2013 жылы Атырау қаласына қосылды. Бұрынғы Балықшы кенттік әкімдігі Балықшы ауылдық округі болып қайта құрылды[1][2].
Кент | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облысы | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°04′43″ с. е. 51°52′52″ ш. б. / 47.07861° с. е. 51.88111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°04′43″ с. е. 51°52′52″ ш. б. / 47.07861° с. е. 51.88111° ш. б. (G) (O) (Я) |
Климаты |
қатаң континенталды |
Уақыт белдеуі | |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
06 |
шекарасы
|
Атырау қаласынан оңтүстікке қарай 4 км жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында, шөлді белдемде орналасқан. Іргесі 1937 жылы балық-консервілеу комбинатын салуға байланысты қаланған. Тұрғыны 18,6 мың адам (1998). Балықшыда ірі консервілеу комбинаты, балық-уылдырық, кеме жөндеу зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу мекемелері, 3 орта мектеп, теңіз-балық колледжі, мәдениет үйі, 2 аурухана, бала бақшалары бар. Тұрғындары облыс орталығымен және елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Балықшыдан Ақтау мен Астрахан қалаларына кеме қатынайды.[3]
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6, 27, 37 баптарына сәйкес Атырау облысы бойынша 2013 жылы 11-сәуірде Балықшы кенті Атырау қаласына қосылды.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- ↑ Балықшы - қаланың бір бөлігі
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |