Мазмұнға өту

Минаатар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
09:48, 2011 ж. қазанның 14 кезіндегі BekusBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Бот: Санат:М дегеннен аластатты)

Минаатар (Минамет) — тегіс оқпанды зеңбірек. Минаатар қарсыластың адам күшін, ашық, сонымен қатар тасадағы (окоптағы, ордағы, жыралардағы, т.б.) әскерлері мен атыс құралдарын жоюға қолданылады. Артиллериялық, зеңбіректерге карағанда Минаатардың құрылысы қарапайым, салмағы жеңіл және маневрлі. Минутына 15 мина ата алэды. Атысының қашықтығы 85 метрден 3040 метрге дейін барады. Ашық жердегі нысанаға 2500 м, тасадағы нысанаға 1200 м жерден тигізеді. Минаатарлар 122 мм, 160 мм және 240 мм калибрлі болады.[1]

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001