Мазмұнға өту

Қысқы Азия ойындары 2011

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(VІІ қысқы Азия ойындары бетінен бағытталды)


VII Қысқы Азия Ойындары
VII Қысқы Азия Ойындары
VII Қысқы Азия Ойындары
Қала Алматы,  Қазақстан
Қатысушы елдер 26
Қатысушы спортшылар 2500 жуық
Спорт түрлері 11 (69 медаль)
Ашылу салтанаты Қаңтардың 30 2011 жыл
Жабылу салтанаты Ақпанның 6 2011 жыл
Стадион Астана Арена
к · т · ө

VII Қысқы Азия Ойындары немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, VII Қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 26 ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 69-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек.


Алматы Кувейтте 2006 жылғы 5 қаңтарда таңдалды. Қазақстан 2007 жылы 29 қазанда жарыстың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстыруды көздеді, Азия Олимпиадалық кеңесінің кезекті сессиясында ҚР өтінішін қанағаттандырып, кеңес мүшелері 2011 жылғы Азия ойындарының географиясын кеңейтуді қолдады.

Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алды. 2006 жылы, 4 наурызда Кувейтте осы елдің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада кеңесі мен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен бүгінгі туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырза басқарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті арасында үш жақты келісім – ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды. Мұндай жауапты сайысты өткізуде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегін емес. Бұған отандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктері де айтарлықтай әсер еткені анық. Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты үш держава болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу Қазақстан үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі. О баста бұл ойындарды өткізу мәртебесіне Алматы қаласы ие болғанымен қазақ шенеуніктер Астана мәртебесін көтеру идеясымен ойындарды Астанаға көшіруді меңзеді. Дегенмен Астана әлі ірі деңгейлі Ойындарды өткізуіне әлі қауқары аз болғандықтан ойындарды екі қалада өткізу жоспарланды.

Қазақстан спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов құрылыс пен қайта құруға 726 миллион АҚШ доллары 2008 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен түсетінін атап өтті. Олимпиадалық ауылды жеке инвесторлар қаржыландырады. Жалпы Қазақстан аумақты ойын өткізуге дайындауға 1,4 миллиард доллардан астам қаражат жұмсайды. Ойындарды өткізу үстінде тағы 282 миллион доллар жұмсалды.

Ирби — 7-қысқы Азия ойындарының тұмары

VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады.

Ойындар Алауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2010 жылғы 31 желтоқсаннан 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Азиялық Олимпиада кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің эстафетаның алауы жағылады. Алау 2 қаңтар күні 6-шы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чангчун қаласына әкелінеді. 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алуға арналған салтанатты рәсімнен соң эстафета қала көшелерін жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады.

27 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймағын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Азия ойындарының ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Жоспарланған маршрут бойынша республикамыздың әр аймағында екі күндік эстафета алауының сапары көзделген. Эстафета тек облыс орталықтары ғана емес, ауылдарды, республикамыздың көрікті туристік жерлерін де басып өтеді. Эстафета қыс мезгілінде өтетін болғандықтан Алауды алып өту үшін автокөлік, шаңғы, коньки, ат, түйе, тікұшақ сияқты тасымал құралдары қолданылады.

Әдейі эстафета үшін Ерұлан Қанапьянов от эстафетасының әнұранын жазды. Мәтіннің авторы - ақын-әнші Шомышбай Сариев. Әнұранды Қазақстанның халық әртістері Роза Рымбаева мен Әлібек Дінішев орындады.

Күні Қала Күні Қала
Қаңтар 12 Алматы Қаңтар 20 Қостанай
Қаңтар 13 Тараз Қаңтар 21 Петропавл
Қаңтар 14 Шымкент Қаңтар 22-23 Көкшетау
Қаңтар 15 Қызылорда Қаңтар 24 Павлодар
Қаңтар 16 Ақтау Қаңтар 25 Өскемен
Қаңтар 17 Атырау Қаңтар 27 Талдықорған
Қаңтар 18 Орал Қаңтар 28-29 Қарағанды
Қаңтар 19 Ақтөбе Қаңтар 30 Астана

Естелік ақша мен маркалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2011 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстандағы VII Қысқы Азия ойындарына арналған 500 теңгелік естелік күміс монетаны және 20 миллион дана тиражбен 2000 теңгелік естелік банкнотты айналымға шығарды.

Қала Арена[1] Спорт түрі Сыйымдылығы
Астана Астана Арена Ашылу салтанаты 30 000
Алау Конькимен жүгіру 8 773
"Қазақстан" спорт сарайы Хоккей (ерлер) 5 050
Сарыарка (велотрек) Шорт-трек, Мәнерлеп сырғанау 8 000
Алматы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы Хоккей (әйелдер), Жабылу салтанаты 3 725
Медеу Допты хоккей 8 100
Сұңқар (трамплин кешені) Шаңғымен трамплиннен секіру 5 200
Шымбұлақ Тау шаңғысы 1000 отыратын, 2000 тұратын
Алматы обылысы Алатау (шаңғы-биатлон стадионы) Биатлон, шаңғы, бағдарлау спорты 1800 отыратын и 1300 тұратын
Табаған Фристайл 2 250

Спорт түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрінен өткізіледі. Қысқы Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет допты хоккейден және шаңғымен бағдарлау бойынша жарыстар өткізілді. Керлинг және сноуборд ойындардан алып тасталды, бағдарламаға шаңғымен трамплиннен секіру қайтарылды. Жақшада спорт түрлері бойынша ойналатын медаль жиынтықтарының саны көрсетілген.

Ашылу салтанаты Жарыс Финал Демонстрациялық қойылымдар Жабылу салтанаты
Қаңтар/Ақпан 28 29 30 31 1 2 3 4 5 6 Медалдар
ПТ СБ ВС ПН ВТ СР ЧТ ПТ СБ ВС
Спорт
Биатлон 1 1 1 2 1 1 7
Допты хоккей 1 1
Тау шаңғысы 2 2 2 6
Хоккей 1 1 2
Конькимен жүгіру 2 2 2 2 2 2 12
Шаңғы 2 2 2 2 2 2 12
Шаңғымен тұғырдан секіру 1 1 1 3
Бағдарлау спорты 2 2 2 2 8
Мәнерлеп сырғанау 1 3 4
Фристайл 2 2 2 6
Шорт-трек 2 2 4 8
Медали 14 11 12 7 8 10 7 69
Қаңтар/Ақпан 28 29 30 31 1 2 3 4 5 6 Медалдар

Қатысушылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатысу үшін 26 ел тіркелді, олар төменде келтірілген. Бұл 2007 жылғы ойындарға қарағанда 1-ге көп. Бахрейн, Катар және Сингапур бірінші рет қатысты, ал Макао мен Пәкістан 2007 жылы жарыстан кейін жарысқа қатыспады.

Алтын медаль
 Орын   Ел  Алтын Күміс Қола Барлығы
1  Қазақстан 32 21 17 70
2 Жапония 13 24 17 54
3  Корея Республикасы 13 12 13 38
4  Қытай 11 10 14 35
5  Моңғолия 0 1 4 5
6  Иран 0 1 2 3
7  Қырғызстан 0 0 1 1
8  КХДР 0 0 1 1
Барлығы 69 69 69 207

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Объекты зимних Азиатских игр. Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 қаңтар 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 19 қаңтар 2011.