Иоганн Георг Гаман

ГАМАН Иоганн Георг (1730-88) - неміс философы, тікелей білім туралы ілімнің жақтаушысы, "Дауыл мен тегеуірін" әдеби қозғалысына ықпал жасады. Гаман ағартушылық және рационализм идеяларына қарсы шықты. Ол бұл идеяларға мистикалық интуицияның шығармашылық күшіне сенуді қарама-қарсы қойды. Сонымен бірге Гаман жалпыға бірдей болмыс заңы ретіндегі қарама-қарсылықтардың бірлігі туралы терең идея ұсынды, сол арқылы Фихтенің, Шеллингтің және Гегельдің идеалистік диалектикасына ықпал жасады.

Негізгі шығармашылығы:

өңдеу

"Филологтың крест жорықтары" (1762)

Дереккөздер

өңдеу

[1]

  1. "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік