Аборигендер
1. Аборигендер (лат. Aborіgіnes — бастапқы, негізгі, байырғы, тұрақты) — автохтонды тұрғындар. Аборигендер көбінесе елдің, өлкенің, белгілі ауданның байырғы тұрғындары ретінде өзара ру-тайпалық, туған-туыстық және тарихи-әлеуметтік, экономикалық қарым-қатынаста болады. Қазақтар өз жерінің тұрақты-автохтонды халқы ретінде бірнеше мыңдаған жылдар бойы ата, ру, тайпа, жүздік одақтар ретінде қордалана келіп, алдымен ұлыс, кейін біртұтас ұлт болып тарихи түрде қалыптасқан.
2. Аборигендер - [лат. aborigine - әуел бастан, бұрыннан] - ел аумағында қазіргі тұрғындарынан бұрын өмір сүретін, түпкілікті байырғы, ежелгі, іргелі халқы (мысалы, АҚШ пен Канададағы үнді тайпалары, Австралиядағы австралиялықтар және т.б.). Кейде аборигендерді автохтондар (грек, autos - өзі, chton - жер) деп те атайды.[1][2]
3. Аборигендер - белгілі бір аумақта ежелден, бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан байырғы тұрғындар. Көп жағдайда аборигендер бір ұлттық-этникалық қауымдастықтың құрамына кіреді. Мысалы, Америка Австралияны отарлау барысында жергілікті халық қырғынға ұшырады, жекелеген жағдайларда халықты атамекенінен күштеп көшіріп, арнайы шет аудандарға ығыс- тырып, қоныстандырған. Мысалы, АҚШ- та бүгінгі күні Ӏ млн.-ға жетер-жетпес үндіс қалған.[3]
4. Аборигендер (латынша— әуел бастан) —
- қандай да болмасын бір аумақтың ежелгі, байырғы халқы;
- биологияда автохтондар деген мағынада қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|