Мазмұнға өту

Адамзатқа қарсы қылмыстар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Адамзатқа қарсы қылмыстар[1] немесе адамгершілікке қарсы қылмыстар[2] (ағылш. crimes against humanity) – қазіргі халықаралық құқықта өмірге қарсы жасалатын, жаппай сипатқа ие қылмыстар санаты.

Адамзатқа қарсы қылмыстардың қолданыстағы анықтамасы Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутында белгіленген[3].

Терминнің пайда болуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Адамгершілікке қарсы қылмыстар» термині алғаш рет 1915 жылғы 24 мамырда Антанта елдерінің армяндар геноцидіне арналған бірлескен декларациясында қолданылған деп есептеледі. Бұл декларацияда Осман империясының әрекеттері «адамгершілікке және өркениетке қарсы қылмыстар» деп сипатталған[4].

Халықаралық әскери трибуналдың Жарғысындағы анықтама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халықаралық әскери трибуналдың Жарғысы Гитлерге қарсы коалиция елдерінің өкілдерімен 1945 жылғы 8 тамызда Лондонда қабылданды. Жарғының 6-бабында трибунал юрисдикциясына жататын қылмыстар анықталған: бейбітшілікке қарсы қылмыстар (a), әскери қылмыстар (b) және адамзатқа қарсы қылмыстар (c). Атап айтқанда:

Бейбіт тұрғындарға соғысқа дейін немесе соғыс кезінде жасалған өлтіру, қырып-жою, құлдыққа салу, жер аудару және басқа да қатыгездік әрекеттер, сондай-ақ саяси, нәсілдік немесе діни себептермен қудалау – мұның барлығы Трибунал юрисдикциясына жататын кез келген қылмысты жүзеге асыру мақсатында немесе онымен байланысты жасалған жағдайда, бұл әрекеттер жасалған елдің ішкі заңнамасын бұзды ма, жоқ па, маңызды емес.

Халықаралық әскери трибунал Жарғысының 6-бабы


Нюрнберг процесінде айыпталғандардың ішінен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін 16 адам кінәлі деп танылды: Борман[5], Геринг[6], Заукель[7], Зейсс-Инкварт[8], Йодль[9], Кальтенбруннер[10], Кейтель[11], Нейрат[12], Риббентроп[13], Розенберг[14], Франк[15], Фрик[16], Функ[17], фон Ширах[18], Шпеер[19] және Штрейхер[20].

Халықаралық келісімдерге сәйкес, әскери қылмыстар мен адамгершілікке қарсы қылмыстарға ескіру мерзімі қолданылмайды.

Рим статутындағы адамгершілікке қарсы қылмыстардың анықтамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халықаралық қылмыстық сотты құрған Рим статуты 2002 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. Ол Сот юрисдикциясына жататын төрт санаттағы қылмыстарды қамтиды: геноцид, әскери қылмыстар, агрессия және адамгершілікке қарсы қылмыстар. Соңғысы келесідей анықталады:

  • а) өлтіру;
  • b) қырып-жою;
  • с) құлдыққа салу;
  • d) халықты күшпен көшіру немесе жер аудару;
  • e) халықаралық құқықтың негізгі нормаларын бұза отырып, түрмеге қамау немесе еркіндіктен айыру;
  • f) азаптау;
  • g) зорлау, жыныстық құлдық, жезөкшелікке мәжбүрлеу, мәжбүрлі жүктілік, мәжбүрлі стерилизация немесе осыған ұқсас басқа да ауыр жыныстық зорлық түрлері;
  • h) кез келген топты немесе қауымдастықты саяси, нәсілдік, ұлттық, этникалық, мәдени, діни немесе гендерлік себептермен, сондай-ақ халықаралық құқыққа сәйкес тыйым салынған басқа да негіздермен қудалау;
  • i) зорлықпен жоғалу;
  • j) апартеид қылмысы;
  • k) ауыр дене жарақатын, күшті азапты, психикалық немесе физикалық денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретін басқа да адамгершілікке жат әрекеттер.

Басқа халықаралық сот органдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары негізінде халықаралық гуманитарлық құқықты бұзу жағдайларын қарау үшін Руанда жөніндегі Халықаралық трибунал және бұрынғы Югославия жөніндегі Халықаралық трибунал құрылды. Бұл трибуналдардың әрқайсысының жарғылары адамгершілікке қарсы қылмыстарды қарауды көздейді[21][22].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Конвенция о неприменимости срока давности к военным преступлениям и преступлениям против человечества Мұрағатталған 1 ақпанның 2013 жылы. Русский текст Конвенции на сайте ООН
  2. V. Tochilovsky Crimes Against ‘Humaneness’? The Russian Interpretation of Crimes Against Humanity  (ағыл.). Oxford Academic (6 (5), 2018).
  3. Римский статут Международного уголовного суда, ст. 7 «Преступления против человечности».(қолжетпейтін сілтеме)
  4. France, Great Britain and Russia Joint Declaration. May 24, 1915.(қолжетпейтін сілтеме)
  5. Мартин Борманға үкім. II том, 1105—1107 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Герман Герингке үкім. II том, 1045—1048 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  7. Фриц Заукельге үкім. II том, 1086—1088 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  8. Артур Зейсс-Инквартке үкім. II том, 1094—1096 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  9. Альфред Йодльге үкім. II том, 1088—1091 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  10. Эрнст Кальтенбруннерге үкім. II том, 1057—1059 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  11. Вильгельм Кейтельге үкім. II том, 1054—1057 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  12. Константину фон Нейратке үкім. II том, 1100—1102 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  13. Иоахим фон Риббентропке үкім. II том, 1050—1053 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  14. Альфред Розенбергке үкім. II том, 1059—1062 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  15. Ганс Франкке үкім. II том, 1062—1064 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  16. Вильгельм Фрикке үкім. II том, 1064—1067 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  17. Вальтер Функке үкім. II том, 1070—1072 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  18. Бальдур фон Ширахке үкім. II том, 1083—1086 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  19. Альберт Шпеерге үкім. II том, 1096—1100 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  20. Юлиус Штрейхерге үкім. II том, 1067—1070 бб..(қолжетпейтін сілтеме)
  21. Статья 3 Мұрағатталған 15 шілденің 2016 жылы. Устава Международного трибунала по Руанде
  22. Статья 5 Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2013 жылы. Устава Международного трибунала по бывшей Югославии