Андреа Палладио

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Андреа Палладио
Andrea di Pietro della Gondola
Жалпы мағлұматтар
Азаматтығы

 Италия

Туған күні

30 қараша 1508 (1508-11-30)

Туған жері

Падуя, Венеция республикасы

Қайтыс болған күні

19 тамыз 1580 (1580-08-19) (71 жас)

Қайтыс болған жері

Мазер

Жұмысы мен жетістіктері
Жұмыс істеген
қалалар

Виченца, Венеция, Удине

Сәулет стилі

Палладиашылдық

Басты құрылыстары

Вилла Ротонда,
Сан-Джорджо Маджоре шіркеуі

Ғылыми жұмыстары

I Quattro Libri dell’Architettura («Архитектура тура жайлы төрт кітап»)

Палладио ескерткіші

Андреа Палладио (итал. Andrea Palladio), шын есімі Андреа ди Пьетро (30 қараша 1508(15081130), Падуя19 тамыз 1580) — итальян сәулетшісі. Тас қалаушының баласы. 1524 жылдан Виченцада тас қашаумен шұғылданды. Дж. Дж. Триссиноның шәкірті. Палладио көне заман сәулет өнерін терең зерттей отырып, оған ренессанстық Венеция архитектурасын енгізді. Бертінгі Қайта өркендеу дәуірі сәулетшілерінің алдыңғы қатарынан орын алды. Тұңғыш салған ғимараты Виченцадағы Базилика. Ол осында бірнеше сарайлар тұрғызды. Палладио құрылыс ісінде көне ордерлерді асқан шеберлікпен қолданып, оны архит. бейненің құрамды бөлшегіне айналдырды. Оның салған ғимараттары (әсіресе виллалары) табиғатпен әсем үндестік тапқан. Діңи құрылыстарында (Венециядағы Сан-Джорджо Маджоре, 1565—80, Иль-Редеңторе, 1592; шіркеулері) қасбеттегі үлкен ордер мен кіші ордерді астастыра отырып көне ғибадатханалар портигі мен базиликаның ішкі кеңістігін органикалық тұрғыда тұтастыра білді, Жаңа замандағы тұңғыш театр ғимараттарының бірі саналатын Виченцадағы Олимпико театры (1580— 85, арх. В. Скамоцци аяқтады) Палладионың қолынан шыққан. Палладио есімін «Архитектура тура жайлы төрт кітап» (1570) атты трактаты көпке танытты. Сонымен бірге «Рим көне тарихы» (1554) және «Юлий Цезарьға түсініктеме» (1575) деп аталатын трактаттарын жариялады.Архитектор творчествосы 17- 18 ғасырдағы классицизмге жаңа бір арна болып қосылып, европалық сәулет өнерінің дамуына көптеп еңбек сіңірді.

Олимпико театрының сахнасы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]