Мазмұнға өту

Андреа Пирло

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Андреа Пирло Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

19 мамыр 1979 (1979-05-19) (45 жас)

Туған жері

Флеро, Ломбардия, Италия

Азаматтығы

Италия Италия

Бойы

177 см

Салмағы

68 кг

Позиция

Жартылай қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
1994—1998 Италия Брешия 47 (6)
1998—2001 Италия Интернационале 22 (0)
1999—2000  Италия Реджина 28 (6)
2001  Италия Брешия 10 (0)
2001—2011 Италия Милан 284 (32)
2011—2015 Италия Ювентус 120 (16)
2015—2017 АҚШ Нью-Йорк Сити 60 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
1994 Италия Италия-15 3 (0)
1995 Италия Италия-16 6 (2)
1995 Италия Италия-17 4 (0)
1995—1997 Италия Италия-18 18 (7)
1998—2002 Италия Италия-21 46 (16)
2000—2004 Италия Италия (олимп.) 9 (1)
2002—2015 Италия Италия 116 (13)
Бапкерлік карьерасы
2020 Италия Ювентус-23
2020—2021 Италия Ювентус
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Андреа Пирло (итал. Andrea Pirlo; 19 мамыр 1979, Флеро, Ломбардия) – италиялық футболшы, 2020 жылдан бері туриндіқ «Ювентус» клубының бас жаттықтырушысы Италия құрамасының экс-жартылай қорғаушысы. Айып алаңынан тыс жасалатын соққылардың шебері, допты беру дәлдігі және алаңды шебер көру қасиеттермен ерекшеленеді.

2006 жылғы әлем чемпионы.

16 жасында «Брешия» клубында алаңға тұңғыш рет шығады. «Брешияда» жақсы ойын көрсеткен соң - «Интер» клубына ауысады. Жаңа командада бірінші маусымында жақсы ойын көрсетеді, бірақ та кейін Роберто Баджо, Юрий Джоркаефф және Альваро Рекобамен бәсекелесте жеңіліске ұшырады.

1999-2000 жылдарды «Реджина» клуында арендада өткізді. Келесі маусымда «Интердің» бас бапкерімен тіл табыса алмайды және 10 миллион АҚШ доллар төлеген «Милан» клубына ауысты. «Миланды» сол кезде жаттықтырған бас бапкер Карло Анчелотти Пирлоның алаңдағы орнын тауып, Андреа өз тобы үшін баға жетпес ойыншыға айналады. «Милан» клубында он маусым бойы ойнайды. Сол кезде ол 184 ойын ойнап, 30-дан аса гол соқты. «Россонери» құрамында Андреа 2 рет Чемпиондар Лигасының жеңімпазы және 2 рет Италия Чемпионы болып атанған.

2011 жылы 18 мамырда - Андреа Пирло маусым соңында «Милан» тобынан кететінін хабарлады. 6 күннен соң ол туриндік «Ювентуспен» 3-жылдық келісімшартқа қол қояды. Жаңа тобында ол жаңа уәждемені тауып, шабытқа толы ойын көрсете бастады. «Бьянконеринің» бас бапкері Антонио Конте Пирлоға алаңда бостандық беріп, өз тобының ойынын Пирло арқасында қойды. Бірінші ойыннан бастап, Андреа өз жаңа тобының ойынына басшылық етті. 2011-2012 маусымында ол 35 ойынға қатысып, 3 гол соқты және 13 голдық доп шығарды. Пирлоның доп беру саны 2643-ке жетіп, оның дәлдігі 86.8% құрады. Бұл Хавидан кейінгі Еуропадағы екінші нәтиже.

2012 жылы «Ювентус» құрамында Италия чемпионы атанып, Роберто Баджо және Златан Ибрагимовичмен бірге 2 жылда 2 топ құрамында чемпионатты жеңген ойыншылар қатарына кірді.

Ұлттық құрама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2012 Еуропа чемпионатында

Италия құрама командасында 2002 жылы 7 қыркүйекте Әзірбайжан тобына қарсы бірінші рет алаңға шықты. Келесі жылдан бастап, Андреасыз ойнайтын Италия тобын көз алдына елестету мүмкін болмады.

2000 жылы Пирло жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жеңімпазы болды, 2004 жылы ол Афинадағы өткен Олимпиада ойындарында қола медаль иегері болды, ал 2006 жылы Әлем чемпионатында жеңіске жетеді. 2012 жылы Польша мен Украина жерінде өткен Еуропа чемпионатында, Андреа Пирло Италия құрама командасымен бірге финалға дейін жетті, ал бас ойында Испания тобынан 4 – 0 есебімен жеңілді.

2020 жылы тамыз айында "Ювентус" жаттықтырушысы Маурицио Сарри клубты чемпиондар лигасының 1/4 финалына шығара алмады да, клубтан кетті. Орнына Пирло бас жаттықтырушы боп тағайындалды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Италия Милан

  • Италия чемпионы (2): 2003/2004, 2010/2011
  • Италия Кубогінің иегері: 2002/2003
  • Италия Суперкубогының иегері: 2004
  • Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2): 2002/2003, 2006/2007
  • УЕФА Суперкубогының иегері (2): 2003, 2007
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2007

Италия Ювентус

  • Италия чемпионы: 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15
  • Италия Суперкубогының иегері: 2012, 2013
  • Италия кубогы: 2014/15

Италия Италия құрама командасы

  • ФИФА "Қола доптың" иегері: 2006
  • Плеймейкер арасындағы рейтингте 2006 жылы - 3 орын, 2007 жылы - 2 орын
  • Италиядағы жылдың ең үздік футболшы: 2012
  • УЕФА-ның маусымдағы 11 үздік футболшылардың қатарына кірді: 2012
  • Еуропа чемпионатының 11 үздік футболшылардың қатарына кірді: 2012
  • Әлем чемпионатының 11 үздік футболшылардың қатарына кірді: 2006

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өз тұңғыш және жалғыз ғашығын, Андреа 18 жасында кездесті. Дебора мен Андреа 2001 жылы үйленді. Қазіргі кезде, Андреа мен Дебораның отбасыларында екі бала бар: Никколо мен Анджела.

Статистика

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Маусым Топ Лига Кубок Еурокбоктар Басқа Всего
Чемпиондар Лигасы УЕФА Кубогі
Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар Ойындар Голдар
1994/95 Брешия 1 0 1 0
1995/96 (Б)
1996/97 (Б) 17 2 1 0 18 2
1997/98 29 4 1 0 30 4
1998/99 Интер 18 0 5 0 7 0 30 0
1999/00
Реджина 28 6 2 0 30 6
«Реджина» құрамында толығымен 28 6 2 0 30 6
2000/01 Интер 4 0 1 0 2 0 1 0 8 0
Брешия 10 0 10 0
«Интер» құрамында толығымен 22 0 6 0 9 0 1 0 38 0
«Брешия» құрамында толығымен 57 6 2 0 59 6
2001/02 Милан 18 2 2 0 9 0 29 2
2002/03 27 9 2 0 13 0 42 9
2003/04 32 6 9 1 3 1 44 8
2004/05 30 4 1 0 12 1 43 5
2005/06 33 4 4 0 12 1 49 5
2006/07 34 2 4 0 14 1 52 3
2007/08 33 3 1 0 8 2 3 0 45 5
2008/09 26 1 3 1 29 2
2009/10 34 0 1 0 8 1 43 1
2010/11 17 1 3 0 5 0 25 1
«Милан» құрамында толығымен 284 32 18 0 81 7 12 1 6 1 401 41
2011/12 Ювентус 37 3 4 0 41 3
2011/12 18 5 0 0 6 0 1 0 25 5
«Ювентус» құрамында толығымен 55 8 4 0 6 0 0 0 1 0 66 8

2013 жылы, 14 қаңтарда жаңартылды[1][2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]