Ассам
Үндістанның штаты | |||
Ассам | |||
ассам тілінде - অসম хинди असम | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Әкімшілік орталығы | |||
Губернатор |
Джанаки Баллабх Патнаик | ||
Бас министрі |
Тарун Гогой | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
26°08′ с. е. 91°46′ ш. б. / 26.14° с. е. 91.77° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 26°08′ с. е. 91°46′ ш. б. / 26.14° с. е. 91.77° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Жер аумағы |
78 438 км² (16 орын) | ||
Ірі қаласы | |||
Басқа ірі қалалары | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
31 169 272 адам (2011)(14 орын) | ||
Тығыздығы |
397,37 адам/км² (15 орын) | ||
Ресми тілдері |
Ассам тілі, бодо, карби | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Аббревиатура |
IN-AS | ||
ISO 3166-2 коды |
IN-AS | ||
Координаттар: 26°08′ с. е. 91°46′ ш. б. / 26.14° с. е. 91.77° ш. б. (G) (O) (Я) |
Ассам ( ассам тілінде - অসম, хинди असम) — Үндістанның солтүстік-шығысындағы штат. Аймақ әлемге аты шыққын "Ассам шайымен" белгілі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ертеде және орта ғасырдың басында Ассам және Прагджьотиша, Камарупа деп аталған. 6-7 ғасырда Солтүстік Бенгалиямен қосылып, дербес феодалдық мемлекет болды. 13 ғ. Ассамды Бирманы мекендеген ахома тайпалары жаулап алды. Мұнда 1792-94 ж. Англия, ал 19 ғасырдың басында Бирма үстемдік етті. 1824-26 ж. болған ағылшын-бирма соғысы нәтижесінде Ассам жері ағылшындық Үндістанға қосылып, 1921 жылдан оның провинциясы болды. Ұлттық-азаттық күресінің нәтижесінде 1947 ж. Үндістанның тәуелсіздігі жарияланып, ол екі мемлекетке (Үндістан және Пәкістан) бөлінгеннен кейін, Ассам (Пәкістанға қосылған Силхет округін есептемегенде) 1950 ж. Үндістан Республикасының штаты болды.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер аумағы 78 438 кm². Шығыс Гималай тауларының етегінде, негізінен Брахмапутра өзенінің алабына орналасқан. Астанасы - Диспур, ірі қаласы — Гувахати. Халқы — 31 169 272 человек (14-ші орын; 2011 ж.). Олардың 50%-тен астамы ассамдықтар, 18 %-ы бенгалдықтар.
Жерінің оңтүстігін Лушан тауы (2157 м-ге дейін), орталық бөлігін Ассам таулары, солтүстігін Брахмапутра өзені бойындағы ойпат алып жатыр. Жер сілкіну жиі болып тұрады. Климаты - тропиктік, муссондық, жазы жаңбырлы. Ауаның орташа температурасы қаңтарда +13 °С, мамырда +26°С. Жаздық жауын-шашын мөлшері 2000 мм. Жерінің 1/3 бөлігі мәңгі жасыл, аралас орман.
Ірі қалалары:
- Гувахати — 808 021 адам
- Силчар — 142 393 адам
- Дибругарх — 122 523 адам
- Нагаон — 107 471 адам
- Тинсукия — 85 519 адам
- Джорхат — 66 450 адам
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ассамда егіншілік пен мұнай өнеркәсібі дамыған. Жерінің 15 %-ы жыртылған. Шай, кендір, күріш, темекі, мақта егіделі. Барлық егіннің 30 %-ы суармалы. Егіншілік негізінен Брахмапутра мен Сурманың аңғарларында дамыған.
Мұнай-химия өнеркәсібі де өркендеуде.
Шай, ағаш өндеу, шырпы, қағаз, жасанды ташық кәсіпорындары жұмыс істейді.
Ассамның көлік, экономикалық жағдайы Калькутта қаласымен тығыз байланысты. Брахмапутра өзенімен жылына 1 млн тонна жүк тасымалданады. Мұнай кендерінен өнеркәсіпті қалаларған құбырлар тартылған.
Білім
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ассам - Үндістанның білім ордасы. Ассамда келесі университетер бар:
- Gauhati University
- Dibrugarh University
- Tezpur University
- Assam University ( Силчар)
- Assam Agricultural University ( Джорхат)
- Assam Don Bosco University
Дибругархта, Силчарда, Гувахатида, Джорхатида, Барпетада медициналық колледждер және де басқа орта дәрежелі арнаулы оқу орындары бар.
Административно-территориальное деление
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Штаттың құрамына келесі аймақтар кіреді: :
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Assam |