Батьківщина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
"Отан" Бүкілукраиналық одағы
укр. Всеукраїнське об'єднання "Батьківщина"
Логотипі
Басшысы

Юлія Тимошенко

Негізін салушы

Юлія Тимошенко

Құрылған жылы

9 шілде 1999 жыл

Штаб-пәтері

Киев

Идеологиясы

Консерватизм[1]
Ұлтшылдық[1]
Солшыл популизм[2]
Социал-демократия[3]
Проеуропизм[4]

Интернационалы

Халықаралық демократиялық одақ
(мүшесі)
Еуропа Халық партиясы
(бақылаушы)

Одақтастар және жақтастар

Еуропалық ынтымақтастық (2014–2016)[5][6]
Халық майданы (2014–2016)[5][6]
Самопоміч (2014–2016)[5][6]
ЛРП (2014–2015)[5][7]
Свобода (2012–2014)[8][9]
УДАР (2013–2014)[10][9]

Жастар ұйымы

Батьківщина молода

Мүшелер саны

~600,000 адам (2012)[11]

Ұраны

«Партия көп — Батьківщина ғана бір өзі»[12]

Верховна Рададағы мандаты
24 / 450
Жергілікті кеңестер
4458 / 43122
Сайты

ba.org.ua

'"Отан" Бүкілукраиналық одағы (укр. Всеукраїнське об'єднання "Батьківщина", қысқартқанда укр. Батьківщина) — Украинадағы консервативтік, проеуропалық,[4] солшыл популистік[2] және ресми тіркелген саяси партия.

Партияның 1999 жылғы желтоқсаннан бергі[13] төрайымы — Верховна Рада депутаты, бұрынғы премьер-министр Юлія Тимошенко. 2011 жылғы қарашада саяси партиялар блоктарының парламенттік сайлауға қатысуына тыйым салынғаннан кейін Юлія Тимошенко блогы ыдырады да, Батьківщина тәуелсіз күшке айналды.

Бүгінгі партияның ізашары 1995 жылы Днепропетровск ұлттық университетінің ректоры Володимир Прісняков (укр.) негізін қалаған «Батьківщина» Бейбітшілік сүйгіш күштер қауымдастығы болып табылады.[14] 1998 жылы Юлія Тимошенко Верховна Раданың халық депутаты болып сайланды.

1998 жылғы 14 қыркүйекте Украинаның Бас прокуроры Громада жетекшісі Павло Лазаренконы ақша жымқырды деп айыптады, және келесі наурызда Тимошенко Громададан бөлініп, «Батьківщина» депутаттық тобын құрды. 1999 жылғы 9 шілдеде депутаттық топ пен басқа кіші партия негізінде жаңа саяси партия, Бүкілукраиналық «Батьківщина» одағы өзінің құрылтай съезі барысында құрылды.[14] Сол күні партияның Жарғысы бекітілді, оған сәйкес партияға «Украинаның тәуелсіздігін, ұлттық бірегейлігін сақтау үшін, елдің еуропалық болашағы және барлық азаматтарының лайықты өмірі үшін күресте украин халқының мүдделерін қорғау» негізгі міндеттер жүктелген.[15] Бірінші партия төрағасы болып Днепропетровск облысынан коммунистік партияның бұрынғы хатшысы болған Віктор Драченко сайланды.[14] Партияны 1999 жылғы 16 қыркүйекте Украина Әділет министрлігі тіркеді.[16] Сол жылғы 18 желтоқсанда орын алған екінші съезде Юлія Тимошенко партия төрағасы болып сайланды.[14]

Юлія Тимошенко блогы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2002 жылғы парламенттік сайлауда партия жаңа құрылған Юлія Тимошенко блогының негізгі құрамдас бөлігі болды.[16] Сайлау нәтижесінде блок парламентте 22 мандатқа ие болды, барлығы партиялық тізім бойынша. Оның 13-і «Батьківщинаға» бөлінді.

Батьківщина төрайымы Тимошенконың премьер-министр лауазымына тағайындалуы, 2005

2005 жылғы қаңтарда Тимошенко Віктор Ющенконың президенттігі кезінде Верховна рада келісімімен Украина премьер-министрі болып тағайындалды. Бірнеше ай бұрын ол Ющенконың сайлануына мүмкіндік берген қызғылт сары революция көшбасшысыларының бірі болды.[17]

2005 жылғы наурызда Яблуко (Алма) партиясы Батьківщина құрамына енді, 2007 жылғы наурызда Яблуко Еркін демократтар партиясы болып, Батьківщинадан шықты.[14]

2006 және 2007 жылдардағы парламенттік сайлауларда партия Тимошенко блогының бөлігі болды, ол 2006 жылы 450 мандаттың 129 (жалпы дауыстың 22,29%) және 2007 жылы 450 орынның 156 (жалпы дауыстың 30,71%) жеңіп алды.[16]

2007 жылғы 18 желтоқсанда Юлія Тимошенко екі дауыс артықшылығымен премьер-министр болып қайта сайланды, нәтижесінде «Біздің Украина — халықтық өзін-өзі қорғау блогы» және Юлія Тимошенко блогы көпшілік коалициясы болды.

2009 жылы «Батьківщина» Тимошенконы Украина президенттігіне үміткер ретінде ұсынды. Сайлауда жеңілгеннен кейін парламенттік коалиция өз қызметін тоқтатты, Тимошенконың кабинеті таратылды. Тимошенко 2010 жылғы 22 ақпанда оппозицияға көшетінін мәлімдеді.

2010 жылғы Украинаның жергілікті сайлаулары кезінде партия (саяси блоктардың сайлауға қатысуына рұқсат берілмейтін болды) барлық аймақтарында қарсыласы Аймақтар партиясына қарсы жеңілді.

Батьківщина — Біріккен оппозиция

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Еуропа Халық партиясының саммиті, 2011, сол жақтан оң жаққа: Германия канцлері Ангела Меркель, Грузия президенті Михаил Саакашвили және Батьківщина төрайымы Юлія Тимошенко. Партия 2008 жылдан бері Еуропа Халық партиясының бақылаушы мүшесі болып келеді.[18]

2010 жылғы 16 қарашада Верховна Рададағы Юлія Тимошенко блогы Юлія Тимошенко — Батьківщина блогы болып өзгертілді.[19]

Янукович тұсында Тимошенкоға қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. 2011 жылғы 5 тамызда Тимошенко тұтқындалды. 11 қазанда ол 2009 жылғы қаңтарда Ресеймен газ келісім-шарттарын жасау кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

28 қазандағы сайлауға екі апта қалғанда Батьківщина Украинаның реформалар үшін демократиялық альянсының (УДАР) пайдасына 26 кандидатты алып тастады; УДАР оппозицияның дауысын барынша арттыруға тырысып, Батьківщина кандидаттарының пайдасына бір орындық 26 кандидатты алып тастады. Оппозициялық партиялар биліктегі партиядан көп мандат жинап алу мақсатымен Батьківщинаға қосылды.

«Батьківщина» сайлауда де-факто қолшатыр партия болды, оның сайлау тізімінде «Реформалар және тәртіп», «Украина халық қозғалысы», «Өзгеріс майданы», «Украина үшін!», «Азаматтық позиция» және басқа да оппозициялық партиялар болды.[20] 2012 жылғы шілдеде бұл тізімге Қырым татарлары Мәжілісінің депутаттары қосылды. Тимошенконың қамалға алынуы себебінен блок тізімін «Өзгеріс майданы» партиясының төрағасы Арсеній Яценюк басқарды.[21]

Тізім жалпы дауыстың 25,55% жинап, 62 мандатқа ие болды. 225 сайлау округінің 152 бәсекеге түсіп, олар барлығы 101 мандатқа ие болды, бұл Верховна Рададағы 450 мандаттың 22,67 пайызы.[22]

2013 жылғы сәуірдің басында төрт депутат Яценюктың басшылық стиліне наразылық ретінде партиядан шығып, Роман Стаднійчук Сергій Власенконың депутаттық мандатын алуға мәжбүр болды.[23][24]

2013 жылғы 15 маусымда «Реформалар және тәртіп» партиясы, «Өзгеріс майданы» және Украинаның Халық рухы бір бөлігі (соның ішінде бұрынғы төрағасы Борис Тарасюк (укр.)) «Батьківщинамен» біріктірілді.

Еуромайдан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Партия 2013 жылғы қарашаның соңында басталып, 2014 жылғы 21 ақпанда шарықтау шегіне жеткен үкіметке қарсы Еуромайдан наразылығында маңызды рөл атқарды. Еуромайдан Януковичтың президенттігін тоқтатқан төңкеріске алып келді. Төңкерістің соңғы күндерінде Юлія Тимошенко үш жыл бойы түрмеде саяси тұтқын отырғаннан кейін бостандыққа шықты[25] және оның беделін Украина Жоғарғы соты мен Еуропалық Адам құқықтары соты қалпына келтірді. Тимошенко партияны реформалауға кірісті және Батьківщина 2014 жылғы парламенттік сайлауға жаңа мүшелермен қатысты.

Янукович биліктен тайып, 2004 жылғы Конституцияны қайтарғаннан кейін «Батьківщина», «УДАР» және «Свобода» партиялары кіретін басқарушы коалиция құрылды. Бұл коалиция Арсеній Яценюк басқаратын коалициялық үкіметті құрды.

Партияның 2014 жылғы мамырдан бері Донбастағы соғысқа қатысқан өзінің Батьківщина батальоны бар.[26]

Еуромайданнан кейін орын алған парламент сайлауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еуромайдан аяқталғаннан кейін елде парламент сайлауы орын алды. Ол жерде Батьківщина 894,837 дауыс (5,68%) жинап, 17 мандатқа ие болды. Сайлаудан кейін партия қазіргі екінші Яценюк үкіметін қолдайтын коалицияның мүшесі болды және бұл үкіметте партияның бір министрі болды.[27]

Партия 2016 жылғы 14 сәуірде құрылған Гройсман үкіметін қолдайтын коалицияға қосылмады.[28]

2016 жылғы 15 желтоқсанда «Батьківщина» 2014 жылғы парламенттік сайлау тізіміндегі 1-нөмірдегі тұлға, Надия Савченконы парламенттік фракциясынан шығарды. Бұған себебі — Савченконың сепаратистік басшылар Александр Захарченко (Донецк Халық Республикасы) және Игорь Плотницкиймен (Луганск Халық Республикасы) кездесуі.[29]

2019 жылғы сайлаулар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Батьківщинаның сайлауалды кампаниясы бар биллборд, 2020 жылғы жергілікті кеңестер сайлауы. «Батьківщина тобы — біздің жалғыз үмітіміз»

2019 жылғы наурызда өткен президенттік сайлауда Бүкілукраиналық «Батьківщина» одағынан үміткер болып шыққан Юлія Тимошенко 13.4% (2,532,452 дауыс) жинап, екінші айналымға өтпей қалды. Ол Зеленськийді де, Порошенконы да қолдамады.

2019 жылғы кезектен тыс парламенттік сайлауда Батьківщина жалпы дауыстың 8.18% (1,196,303 дауыс) жинап, 26 мандатқа ие болды.[30] 2019 жылғы 13 қарашада партия оппозицияға шықты.[31]

Верховна Раданың тоғызыншы сайланымында 24 депутаттан құрылған «Батьківщина» фракциясы құрылды. Фракция жетекшісі — Юлія Тимошенко. Фракция 2019 жылғы 29 тамызда құрылған.[32]

Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022–)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2023 жылғы 6 шілдеде «Батьківщина» украиналық әскерилерді жаңа медициналық көмек көліктерімен қамтамасыз ету үшін еріктілер тобының құрылғанын жариялады.[33]

Саяси ұстанымы және идеологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Партия Украинаның Еуропа Одағында (ЕО) мүше болуын елдің стратегиялық мақсаты деп санайды.[34] Ол украиналықтардың ЕО-на визасыз сапарға шыға алуын қолдайды және «қорлайтын визалық режимдерді жоюды» қалайды. Ол «Ресеймен еркін сауда орнату туралы өзара тиімді және тең келісімге» қол жеткізгісі келетін.[34]

Партияның 2012 жылғы сайлауалды бағдарламасында НАТО жайлы ешнәрсе айтылмаған,[35] бірақ оның 2014 жылғы бағдарламасында партия Украинаның НАТО-ға мүше болғанын қалайтыны айтылған.[36]

Партия жергілікті басқаруды күшейтуді қалайды.[34]

Партия Украинадағы адам құқықтарын жақсартуды қалайды[34] және Голодоморды украин халқының геноциді деп санайды.[37]

2021 жылғы 1 наурызда Верховна Рададағы «Батьківщина» партиясы Ресей мен Беларусьтен электр энергиясын импорттауға тыйым салатын заң жобасын парламентке енгізуді талап етті. Тимошенконың айтуынша, Беларусь пен Ресей электр қуатының импорты елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.[38]

Батьківщинаның идеологиясы консерватизм, ұлтшылдық,[1] солшыл популизм,[2] социал-демократия,[3] және проеуропизм[4] болып сипатталады.

Сайлаулардағы нәтижелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Верховна Рада сайлаулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сайлау Нәтижесі Орны Позициясы
Дауыс саны % Мандат саны +/–
2002 Юлія Тимошенко блогымен бірге
22 / 450
Жаңа 5-орында Оппозиция (2002–2005)
Үкімет (2005)
Оппозиция (2005–2006)
2006 Юлія Тимошенко блогымен бірге
129 / 450
107 2-орында Оппозиция
2007 Юлія Тимошенко блогымен бірге
156 / 450
27 2-орында Үкімет (2007–2010)
Оппозиция (2010–2012)
2012 5,208,402 25.54%
101 / 450
55 2-орында Оппозиция
2014 893,549 5.68%
19 / 450
82 6-орында Коалициялық үкімет (2014–2015)
Оппозиция (2015–2019)
2019 1,158,189 8.18%
26 / 450
7 3-орында Қолдау көрсеткен (2019)
Оппозиция (2019 қараша бері)

Президент сайлаулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сайлау Үміткер 1-айналым 2-айналым Нәтижесі
Дауыс саны % Дауыс саны %
2004 Віктор Ющенконы қолдады
2010 Юлія
Тимошенко
6,159,610 25.05% 2 11,593,357 45.47% Сайланбады
ЖоқN
2014 Юлія
Тимошенко
2,310,050 12.81% 2 Сайланбады
ЖоқN
2019 Юлія
Тимошенко
2,532,452 13.4% 3 Сайланбады
ЖоқN

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c Nordsieck, Wolfram Ukraine  (укр.). Parties and Elections in Europe. Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  2. a b c Yulia Tymoshenko & Batkivshchyna (Fatherland) Party  (ағыл.). geohistory (1 September 2013). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  3. a b Тарас Кузьо Populism in Ukraine in a Comparative European Context  (ағыл.). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  4. a b c Olszánski, Tadeusz A. Ukraine’s political parties at the start of the election campaign  (ағыл.). CENTER FOR EASTERN STUDIES (17 September 2014). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  5. a b c d Коаліційну угоду виклали в Мережу  (укр.). lb.ua (21 қараша 2014). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  6. a b c "Батьківщина" вийшла з коаліції  (укр.). lb.ua (17 ақпан 2016). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  7. Ляшко: Радикальная партия выходит из парламентской коалиции, переходит в оппозицию к действующей власти  (орыс.). interfax (1 сентября 2015). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  8. Батьківщина и Свобода подписали соглашение о создании коалиции, УДАР на встречу не пришел Wayback Machine мұрағатында
  9. a b УДАР и "Свобода" вышли из коалиции  (орыс.). Українська правда (24 июля 2014). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  10. Оппозиционные партии договорились о сотрудничестве на выборах президента  (орыс.). Українська правда (18 мая 2013). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  11. ДОРОШ, Светлана Яценюк примеряет "номер в списке" Тимошенко  (орыс.). BBC (30 марта 2012). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  12. Предвыборный слоган у многих партий похож на обман  (орыс.). Обозреватель (29 декабря 2005). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  13. Tomenko: Batkivschyna not planning to change its leader Tymoshenko  (ағыл.). Kyiv Post (4 December 2012). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  14. a b c d e Всеукраїнське об'єднання "Батьківщина"  (укр.). РБК-Україна. Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  15. Статут Всеукраїнське об'єднання "Батьківщина" (PDF-файл)  (укр.). Батьківщинаның ресми сайты. Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  16. a b c Всеукраїнське об'єднання „Батьківщина“ Wayback Machine мұрағатында
  17. Ukraine's Gold-Plaited Comeback Kid  (ағыл.). Азаттық радиосы (23 September 2008). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  18. Європейська народна партія прийняла 'Батьківщину'  (укр.). BBC Українська (28 қаңтар 2008). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  19. Фракція БЮТ змінила свою назву Wayback Machine мұрағатында
  20. "ФРОНТ ЗМІН" ІДЕ В РАДУ З "БАТЬКІВЩИНОЮ"  (укр.). Українська правда (7 маусым 2012). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  21. Список депутатів нової Верховної Ради  (укр.). Українська правда (11 қараша 2012). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  22. ДОБРИЙ, Дмитро З ким і з чим йде на вибори "Батьківщина", яка збирається "підставити плече Зеленському"  (укр.). espresso (11 шілде 2019). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  23. MPs Kanivets, Skosar say they quit Batkivschyna due to reluctance to participate in Yatseniuk’s ‘show’  (ағыл.). Інтерфакс-Україна (4 April 2013).
  24. Stadniychuk, Kozub become MPs instead of Vlasenko, Verevsky  (укр.). Інтерфакс-Україна (19 наурыз 2013).
  25. Ukraine crisis: Timeline  (ағыл.). BBC (13 November 2014). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  26. Батальйон "Батьківщина" заявив, що знищив ватажка терористів Лєшого  (укр.). lb.ua (1 тамыз 2014). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  27. РАДА ПРОГОЛОСУВАЛА НОВИЙ КАБМІН  (укр.). Українська правда (2 желтоқсан 2014). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  28. Весняне пересаджування: Прем'єр Гройсман і Кабмін без коаліції  (укр.). Українська правда (14 сәуір 2016). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  29. "Батьківщина" виключила Савченко із фракції  (укр.). Українська правда (15 желтоқсан 2016). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  30. Результати виборів  (укр.). Українська правда (21 шілде 2019). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  31. Тимошенко оголосила про перехід в опозицію через закон про земельний ринок (відео)  (укр.). УНІАН (13 қараша 2019). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  32. ФРАКЦІЯ у Верховній Раді  (укр.). Фракцияның ресми сайты. Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  33. «Батьківщина» започатковує нову волонтерську програму  (укр.). leopolis.news. НОВИНИ ЗІ ЛЬВОВА (6 шілде 2023). Тексерілді, 10 тамыз 2023.
  34. a b c d Electronic Bulletin "Your Choice - 2012". Issue 4: Batkivshchyna Wayback Machine мұрағатында
  35. Тарас Кузьо Ukraine’s Opposition Program Requires Another Revolution  (ағыл.). The Jameston Foundation (29 May 2012). Тексерілді, 11 тамыз 2023.
  36. МИСНИК, Лидия Почему Тимошенко требует вступления Украины в НАТО  (орыс.). gazeta.ru (15 января 2019). Тексерілді, 11 тамыз 2023.
  37. Ukraine should become full member of EU, says manifest of Batkivschyna Wayback Machine мұрағатында
  38. Тимошенко потребовала от СБУ расследовать импорт электроэнергии из РФ  (орыс.). mk.ru (1 марта 2021). Тексерілді, 11 тамыз 2023.