Башқұрт тілі
Башқұрт тілі Башҡорт теле | ||
---|---|---|
Сөйлеу орны: | Ресей, Қазақстан, Өзбекстан | |
Барлық сөйлеушілері: | 1,400,000 нан аса | |
Тіл ұясы: | Алтай Түркі Батыс түркі Қыпшақ Қыпшақ-бұлғар Башқұрт тілі | |
Ресми күйі | ||
Ресми күйі бар жері: | Башқұртстан | |
Реттеушісі: | Institute of history, language and literature of the Ufa Federal research center the RAS | |
Тіл белгілері | ||
ISO 639-1: | ba | |
ISO 639-2: | bak | |
ISO 639-3: | bak
| |
Құлақтандыру: Бұл бетте IPA фонетикалық юникод нышандары болуы мүмкін. |
Башқұрт тілі (башҡорт теле /bɑʃqɵrt tɨlɨ/) — Башқұртстан Республикасының ресми тілі. Башқұрт халқының ұлттық тілі. Түркі тілдердің қыпшақ-бұлғар тобына жатады. Башқұрт тілі – башқұрттардың ана тілі. Әлемде 1,2 млн башқұрт тілінде сөйлейтін халық бар.
Оның ішінде 977484 башқұрт, 131950 татар, 20258 орыс, 6276 чуваш, 3211 марий, 1935 қазақ, 1630 удмурт, 1279 өзбек және 8367 басқа ұлт өкілдері бар.
Башқұрт тілінде 1 379 000 адам сөйлейдi (2002). Башқұрт тілінің мәртебесі бірінші рет Орынбор қаласында 1917 жылы 8-20 желтоқсанда өткен III Бүкілбашқұрттық құрылтайда қаралды. Башқұрт тілі 1918 жылы қаңтарда Кіші Башкирияны автономды басқару туралы ереже және Кіші Башкирияның автономиялығы туралы ереженің жобаларында ресми тіл болып жарияланды.
Осы құжаттарға сәйкес мемлекеттік билік пен басқару органдарында башқұрт башқұрт тілін қолдану қарастырылды. Кеңес үкіметінің құрылыуымен аймақта башқұрт тілінің мәртебесі туралы мәселе бірнеше рет қарастырылды және Бүкіл Башкирияның территориясына башқұрт тілін мемлееттік тіл ретінде енгізудің жалпы ережесін жобасы жасалды. 1921 жылы 1-4 маусымдағы II Кеңестердің Бүкілбашқұрттық II cьезі башқұрт тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялап және міндетті түрде оқыту енгізілді.
Морфологиясындағы ерекшеліктері: еди көмекші етістігі ине түрінде жұмсалады: барһаине <<барса еді>> нақ өткен шақ аффиксі -зы болымсыздық аффиксінен кейін -ны формасында қолданылады: тапманым <<таппадым >>
Əліпби
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аа | Бб | Вв | Гг | Ғғ | Дд | Ҙҙ |
Ее | Ёё | Жж | Зз | Ии | Йй | Кк |
Ҡҡ | Лл | Мм | Нн | Ңң | Оо | Өө |
Пп | Рр | Сс | Ҫҫ | Тт | Уу | Үү |
Фф | Хх | Һһ | Цц | Чч | Шш | Щщ |
Ъъ | Ыы | Ьь | Ээ | Әә | Юю | Яя |
Жіктеу есімдіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]жекеше | көпше | ||
---|---|---|---|
Башқұртша | Қазақша | Башқұртша | Қазақша |
Мин | Мен | Бeҙ | Біз |
Һин | Сен | Һеҙ | Сендер |
Ул | Oл | Улар | Олар |
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Түркі тілдері • Моңғол тілдері • Тоңғыс тілдері • Жапон тілі* • Корей тілі* |
Ескертпе: *Жапон тілі мен корей тілінің Алтай тілдеріне жататын-жатпайтыны туралы бірыңғай пікір қалыптасқан жоқ. Тағы қараңыз: Пуйо тілдері. |
|