Бренда Марджори Хейл
Бренда Хейл | |
Толық есімі |
Бренда Марджори Хейл |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Батыс Йоркширдегі Лидс қаласы |
Қызметі | |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Дама-Командор (DBE) |
Бренда Марджори Хейл (31 қаңтарда 1945) – Британдық судья және Лордтар палатасының мүшесі ретінде Лорд Темпорал. 2020 жылы отставкаға кеткенге дейін 2017 жылдан Біріккен Корольдіктің Жоғарғы сотының төрағалық қызметін атқарған.
Бренда Хейл 2004 жылы Лордтар палатасына әдеттегі тәртіптегі апелляциялық лорд ретінде кірген. Ол бұл лауазымды иеленген жалғыз әйел. 2009 жылға дейін ол лорд заңгері қызметін атқарды, одан кейін барлық лорд-заңгерлермен бірге 2005 жылғы конституциялық реформа туралы заңның нәтижесінде жаңа Жоғарғы Соттың қызметіне көшті. 2013 жылдан 2017 жылға дейін Жоғарғы соттың орынбасары қызметін де атқарды.
2017 жылдың 5-қыркүйегінде премьер министр Тереза Мэйдің тағайындауымен Жоғарғы Соттың Төрағасы болып бекітіліп, 2017 жылдың 5-қазанында ант берді. Ол бұл қызметті иеленген үшінші тұлға, әрі алғашқы әйел. Сонымен қатар Хейл Жоғарғы сотқа тағайындалған үш әйелдің бірі. (Леди Блэк және Леди Ардендермен бірге).
2018 жылдың 30-шілдесінен бастап Хейл Гонконгтың соңғы сатыдағы апелляциялық сотының тұрақты емес мүшесі болды. Сонымен қатар 2015 жылдан бастап Кембридж университетінің «Заң қоғамының құрметті президенті» атағын иеленген.[1]
2020 жылдың 11 қаңтарында леди Хейл Жоғарғы Соттың Төрағасы Лорд Ридтің орнына тағайындалды.[2]
Жастық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бренда Маржори Хейл[3] 1945 жылы 31-қаңтарда Батыс Йоркширдегі Лидс қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы мектеп директоры болып қызмет атқарған. Ол үш ағайынды яғни екі әпкесі бар. Хайл ата-анасымен Солтүстік Йоркширдегі Ричмондқа үш жасында көшкен. Оған дейін Редкар қаласын мекендеген.
Ол Ричмонд Қыздар орта мектебінде (Қазіргі Ричмонд мектебінің бөлігі) білім алды, аталмыш мектепте екі әпкесі мен бірге староста болған еді. Кейін ол Кембридж университетіндегі құқықтануды оқытатын Гиртон колледжінде білім алады. (Өз мектебінен алғаш Кембриджге түскен оқушы). Хейл өз сыныбындағы 110 ер балалармен оқыған алты қыздың біреуі еді. Ол 1966 жылы өз сыныбын ең жақсы жұлдызбен, жоғары дәрежеде аяқтады.[4] [5]
1966 жылы Виктория Манчестер университетінде (Қазіргі Манчестер университеті) құқық пәнінің оқытушысының көмекшісі және 1968 жылы оқытушы болғаннан кейін, 1969 жылы Грейс-Инндегі адвокаттар алқасына (Call to the bar) шақырту алып, сол жылғы бардың финалдық тізімінде көш бастады.[6]
Жарты жұмыс күнін адвокат ретінде өткізіп, қалған уақытын 18 жыл бойы академиялық ортаға арнайды. 1981 жылы оқытушы, 1986 жылы Заң ғылымдарының профессоры болды. Содан екі жыл бұрын Құқықтың комиссияға алғашқы әйел, әрі ең жас тағайындалған адам ретінде кірді. Ол комиссияда тоғыз жыл жұмыс істеген шақта, отбасылық құқықтағы бірқатар маңызды реформаларды басқарды.[7] 1989 жылы патшайымның кеңесшісі болып тағайындалды.
Cудьялық мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1989 жылы Хейл тіркеуші болып (оған қосымша жарты жұмыс күнінде уездік судья болды), ал 1994 жылы Жоғарғы Соттың отбасылық бөлімінде судья болып тағайындалды. Судья болып тағайындалғаннан кейін, әдеттегідей Британ империясының орденінің Дама-Командор (DBE) деңгейіне тағайындалды. 1999 жылы Хейл дама Элизабет Батлер-Слосстің артынан ере, Апелляциялық сотқа тағайындалған екінші әйел болды. Сондай – ақ ол, Ұлыбританияның құпия кеңесіне де мүше болды.
2004 жылы 12 қаңтарда әдеттегі тәртіптегі Апелляциялық сотқа тағайындалған алғашқы әйел адам және Солтүстік Йоркшир графтығындағы Исби аймағынан Баронесса Хэйл Ричмонд ретінде өмірлік пэр атағын алды.[8]
2013 жылдың маусымында ол Лорд Хоуп Крейгхедтің орнына Біріккен Корольдіктің Жоғарғы Сотының орынбасары, ал 2017 жылы Абботсберилік Лорд Нойбергертің орнына Жоғарғы Соттың келесі төрағасы болып тағайындалды. Ол өз қызметіне 2017 жылдың қыркүйегінде кірісті.[9]
2018 жылғы 21 наурызда Гонконг сот жүйесі, оны соңғы сатыдағы апелляциялық соттың басқа жалпы құқық юрисдикцияларынан тұрақты емес судья ретінде ұсынатындығын жариялады. Оның тағайындалуы Эндрю Чанг пен Беверли Маклахлиннің тағайындауларымен қатар жүрді.[10] Бұл тағайындауды Гонконгтың бас атқарушы директоры Кэрри Лам жариялады және 2018 жылдың 30 шілдесінде үш жыл мерзімге күшіне енді.[11]
2018 жылы 1919 жылғы «Жыныстық дискриминацияны жою» туралы заңның жүз жылдығына арналған интервью кезінде Леди Хейл қоғамның соттарға сенімі артуы үшін, сот жүйесі әртүрлі болуы керек деп мәлімдеді. Хейл Ұлыбританияның Жоғарғы сотын біршама теңдестірілген гендерлік көрініске шақырды. Алайда, Хейл позитивті дискриминация идеясына қарсы, себебі оның ойынша «Кім болса да жұмысқа орналасуы үшін еңбегі мен қабілетінен басқа факторлардың әсер еткенін сезінуді ешкім қаламайды» деп есептейді.[12]
2019 жылдың қыркүйегінде Ұлыбритания Жоғарғы Сотының Төрағасы ретінде леди Хейл Премьер-Министр Борис Джонсонды Парламент жұмысынан шеттетуді заңсыз деп жариялады.[13] Хейл бұл шешімін тәкәппарлықтың емес қанағаттанудың шешімі деп сипаттады.[14] 2020 жылы Хейл зейнеткерлік жасқа жетіп, соттан кетті.[15]
Танымал дәрістері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2015 жылы 15 қыркүйекте Австралиядағы Мельбурн университетінде Колдуэллде көпшілік алдында "Ұлыбритания соттарында адам құқығын қорғау: біз нені қате істеп жатырмыз?" деген тақырыпта дәріс оқыды.
2018 жылы 2 қарашада Ұлыбританияның Эссекском университетінде өткен SLS Ғасырлық дәрісінде «Барлық Адамдар? Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 70 жылдығына арналған ойлар» атты дәрісін оқыды.
2019 жылдың 7 наурызында Хейл Кембридж университетінде заң ғылымы бойынша Freshfields дәрісін «Жеке құқық саласының дамуындағы принциптер мен прагматизм» тақырыбында оқыды.[16]
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1989 жылы ол корольдік адвокат (QC) болып тағайындалды.
Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына тағайындалғаннан кейін, 1994 жылы ол азаматтық дивизиондағы Британ империясының орденінің Дама-Командор (DBE) деңгейіне тағайындалды.
- 1999 жылы Ұлы Мәртебелінің Құпия кеңесінің құрметті мүшесі ретінде ант берді, бұл оған өмір бойы "құрметті құқық" атағын берді.
- Әдеттегі тәртіптегі Апелляциялық сотқа тағайындалғаннан кейін, 2004 жылы 12 қаңтарда өмір бойы Пэр лауазымын берді. Солтүстік Йоркшир округіндегі Исбиден Ричмондтың баронесса Хейлі атағын алды. Сонымен қатар ол лордтар палатасына Кроссбенчер ретінде тағайындалды.
- 2008 жылы Салфорд университетінің заң корпусы оның есімімен аталады.[17]
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1968 жылы Хейл Манчестерлік құқық пәнінің оқытушысы Энтони Хоггетаға тұрмысқа шығып, одан қызды болды. 1992 жылы олардың некесі бұзылды. Сол жылы ол Манчестердегі құқық факультетінің бұрынғы деканы, зейнетақы омбудсмені Джулиана Фаррандаға тұрмысқа шықты.[18]
2018 жылы сәуірде Хейл BBC телеарнасындағы «MasterChef» аспаздық шоуына танымал судья ретінде қатысты.[19]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Lady Hale - 'The Life of A Lady Law Lord
- ↑ Ex-shipping lawyer Lord Hamblen also joins top bench as Lady Hale officially steps down
- ↑ Biographies of the Justices
- ↑ The Guardian profile: Lady Brenda Hale
- ↑ Lady Hale, the gently determined president of the Supreme Court that overruled Boris Johnson
- ↑ Hale of Richmond
- ↑ Lady Hale, U.K. Supreme Court Judge, Speaks Calmly and Brings Down the Hammer
- ↑ Lady Hale to be next Deputy President of Supreme Court Мұрағатталған 5 ақпанның 2014 жылы.
- ↑ https://en.wikipedia.org/wiki/The_London_Gazette
- ↑ Top court gets new judges
- ↑ https://www.gld.gov.hk/egazette/pdf/20182231/egn201822315815.pdf
- ↑ White and male UK judiciary ‘from another planet’, says Lady Hale
- ↑ Johnson's suspension of parliament unlawful, supreme court rules
- ↑ Lady Hale: 'My Desert Island Judgments? Number one would probably be the prorogation case'
- ↑ Lady Hale warns against the UK adopting a US-style Supreme Court
- ↑ Principle and Pragmatism in Developing Private Law’: 2019 Cambridge Freshfields Lecture
- ↑ Pioneering judge among Salford honorary graduates
- ↑ Hoggett, Anthony John Christopher
- ↑ Baroness Hale to lay down the law on MasterChef