Мазмұнға өту

Буль алгебрасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Буль алгебрасы, буль торы — ішінара реттелген жиынның арнаулы түрі. Егер жиынның ең үлкен элементі 1 (Буль алгебрасының бірлігі), ең кіші элементі 0 (Буль алгебрасының нөлі) болса және әрбір х элементі мен оның толықтыру элементі Сх: sup {x, Cx}=1, іnf {x, Cx}=0 қатынастарын қанағаттандырса, онда Буль алгебрасы дистрибутивтік тор деп аталады. Sup және іnf операциялары әдетте  \/  таңбаларымен, кейде /\ таңбаларымен белгіленеді. Мұнан олардың жиын теориясындағы бірігу және қиылысу операцияларымен ұқсастығы көрінеді. Сх кейде –х болып жазылады. Буль алгебрасында кез келген элементтің толықтыруы біреу-ақ болады. Буль алгебрасының аксиомаларында “жиын”, “оқиға” және “пікір” ұғымдарының арасындағы ұқсастық бейнеленген. Буль алгебрасында С, ,  сияқты негізгі операциялардан басқа операциялар да анықталған болуы мүмкін. Солардың ішінде төмендегідей симметриялық айырма операциясы ерекше маңызды: х+2у=(хСу)(уСх). Бұл ху, |x-у| деп те жазылады. Кез келген Буль алгебрасы +2 (“қосу”) және  (“көбейту”) операциялары орындалатын бірлігі бар буль сақинасы болып табылады. Буль алгебрасы ағылшын математигі Дж. Бульдің (1815 — 1864) еңбектерінде (1847, 1854) символикалық логиканың аппараты ретінде пайда болды. Кейіннен ол математиканың әр түрлі саласында (ықтималдық теориясы, топология, функционалдық талдау, т.б.) кеңінен қолданылды.

Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том