Бұзаубас сораң
Бұзаубас сораң | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
|
Бұзаубас сораң немесе Сораңшөп (лат. Salіcornіa) – Қызылқұйрық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер жүзінде 30 түрі бар. Қазақстанда 1 түрі - Еуропа бізбелдігі немесе Бізбелдік кездеседі.
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тропиктік және субтропиктік белдеулердің жылы аймақтарында кездесетін 60 түрі белгілі.[1]
Жиі кездесетін түрлері:
- Salicornia virginica
- Salicornia europaea
- Salicornia bigelovii
- Salicornia perennis
- Salicornia ramosissima
- Salicornia maritima
- Salicornia brachiata
Қазақстанда теңіз, көл жағалауларында, сор, сортаңды жерлерде өсетін 1 түрі – қызыл бұзаубас сораң (лат. S. europae) бар. Биікт. 5 – 30 см. Негізінен тік өсетін, көбінесе қызғылт түсті сабағынан, жалаң, көп буынды бұтақтары шығады. Жапырақтары өте ұсақ. Гүлдері қос жынысты, үштен бірігіп, сабағының етті ұлпаларынан жетіліп, олар масақша гүлшоғырын құрайды. Маусым – тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ. Дәрілік өсімдік. Күзде, қыста Бұзаубас сораңды түйе мен қой сүйсініп жейді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Global Biodiversity Information Facility (2007). "Salicornia" Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2007 жылы. webpage retrieved шілде 14, 2007.
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |