Виктор Андреевич Ющенко
Виктор Андреевич Ющенко (укр. Ющенко Вiктор Андрiйович) 23.2.1954 жылы туған, Сумск облысы Недригайловск ауданының Хоружевка ауылы) – саяси қайраткер, Украина Республикасының Президенті.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тернополь мемлекеттік қаржы-экономика институтын бітірген (1975). 1976 ж. КСРО Мемлекеттік банкінің Ульяновка кентіндегі бөлімшесінде экономист, 1977 – 85 ж. банк бөлімшесінің бастығы болды. 1985 – 90 ж. КСРО Мемлекеттік банкінің Украин республикасының кеңсесінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарды. 1990 – 93 ж. “Украина” агроөндірістік банкінің бірінші орынбасары, 1993 – 99 ж. Украина Ұлттық банкінің басқарма төрағасы, 1999 – 2001 ж. Украина Республикасының премьер-министрі болды. 2001 ж. сол кездегі билікке оппозицияда болған “Наша Украина” атты блокқа кіріп, 2002 ж. блоктың сайлаушылар тізімі арқылы Украинаның халық депутаты болып сайланды. 2003 – 05 ж. “Наша Украина” жалпы украиндық қоғамдық ұйымның басқарма төрағасы болды. 2004 ж. Украина Президенті сайлауына қатысып, қыркүйек айында қастандықпен уланды. Бұл оқиға Украинада және батыс елдерінде қарсылық акциясын тудырды. 2004 ж. желтоқсанда “қызғылт төңкеріс” ықпалымен, сот жолымен сайлаудың екінші туры өткізіліп, Ющенко жеңіске жетеді. Ющенко саяси реформаның жақтаушысы ретінде Украинаны парламенттік-президенттік республикаға айналдыру үшін Президент билігін шектеп, Жоғарғы раданың ықпалын кеңейту арқылы қол жеткізді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |