Вильярреал (футбол клубы)
Вильярреал | |||
Толық атауы |
«Вильярреал» футбол клубы (ис. Villareal Club de Fútbol S.A.D., кат. Villa-real Club de Futbol S.A.D.) | ||
---|---|---|---|
Лақап аттары |
"El Submarino Amarillo (Сары түсті сүңгуір қайық)" | ||
Құрылған жылы |
1923 | ||
Стадионы | |||
Сыйымдылығы |
23 500 | ||
Иесі | |||
Президенті | |||
Бас жаттықтырушы | |||
Рейтингі | |||
Сайты |
Ресми сайты Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2010 жылы. | ||
Жарыс | |||
2023/24 |
8 орын | ||
| |||
Вильярреал (ис. Villareal Club de Fútbol S.A.D., кат. Villa-real Club de Futbol S.A.D.) — Вильярреаль қаласындағы испан футбол клубы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы жылдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вильярреал 1923 жылдың 10 наурызында Villareal CD спорт клубы ретінде құрылды. Сол жылы стадионды 60 песетаға жалдап, билет бағасын ерлерге жарты песета, балаларға песетаның төрттен бір бөлігі ретінде қойды. Алғашқы ойынын клуб 1923 жылдың 21 қазанында Кастельон клубына қарсы ойнады. Вильярреалдың алғашқы формасы ақ және қара түстерден тұрды.
1929 - 2000
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вильярреал 1929-30 жж. аралығы Валенсия аймағының жарыстарында өнер көрсетті. 1934-35 жылғы маусымда Вильярреал Екінші дивизионға шығу ойынында Картахенаға жеңіліп қалды. Испан азамат соғысы алдында клуб келесі маусымда аймақтың Бірінші дивизионын жеңді.
Соғыс біткен соң клуб 1939 жылдан 1951 жылға дейін тағы да Екінші дивизионда өнер көрсетті. 1942 жылы Вильярреал атауын Villareal CAFқа ауыстырып, жаңа сары түсті формамен ойнай бастады. Клуб атауындағы «F» әрпі Foghetcaz сөзін, яғни жеңіл атлетика клубы деген мағына берді.
1954 жылы Вильярреал тағы да өзінің атауы мен эмблемасын өзгертті. 1956 жылы клуб Бірінші аймақтық лигасын жеңіп, Терсера лигада өнер көрсету құқығына ие болды. 1960-61 жылғы маусымда Вильярреал 14 орында тұрақтап, қайтадан Бірінші дивизионға төмендетілді.
Клуб қазіргі атауы мен эмблемасы 1966 жылдың жазында қолданысқа енгізілді. 1966-67 жылғы маусымда Вильярреал қайтадан Терсера Лигасына оралды. 1970 жылы клуб алғаш рет Сегунда Бға жолдама алды. 1975-76 жж. маусымда клуб Терсера до Регионалеске дейін төмендетіліп, келесі маусымда қайта оралды.
1986–87 жылғы маусымда Вильярреал Сегунда Лига Бға дейін көтерілді. 1990 жылы ол жарысты 18-ші орынмен бітіріп, қайтадан Терсера лигаға оралды.
Клуб Сегунда Бны екінші орынмен бітіріп, алғаш рет Сегундаға жолдама алды. 1992-93 жылғы маусымда Вильярреал Сегундада төмен орындар алды. Бірақ 1997-98 жылғы маусымда клуб Сегундада төртінші орынға қол жеткізіп, Ла Лигаға жолдама алу ойынына қатысу құқығына ие болды. Ол ойында Вильярреал Компостеламен екі рет тең түсіп (есеп 1:1; 0:0), қонақтағы доп бойынша жеңіске жетті.
Вильярреал Ла Лигадағы алғашқы ойынын 1998 жылдың 31 тамызында Реал Мадридке қарсы өткізді. Өз алаңындағы алғашқы ойынын бір аптадан кейін Сельтаға қарсы ойнады. Бұл маусым Вильярреал үшін қиын болып, 1999-2000 жылғы маусымда клуб Аделанте лигаға төмендетілді. Бұған қарамастан Вильярреал сол жылы Аделантеде үшінші орын алып, Ла Лигаға қайта оралды.
Соңғы жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]13 мамыр, Вильярреал Атлетико Мадридке жеңілгеннен кейін, Лига Аделантеге дейін төмендетілді. Сәтсіз маусымнан кейін клуб тағы бір жаман хабар алды. 6 маусым, Вильярреалдың сол кездегі бас бапкері - Мануэль Пресиадо жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұдан басқа бас жұлдыздарының жаппай клубтан кетуі басталды (оның ішінде Борха Валеро, Диего Лопес Родригес, Джузеппе Росси және Нилмар болды).
Сегундадағы бір жылынан кейін Вильярреал лигада екінші орынға қол жеткізіп (Эльчеден кейін), Ла Лигаға қайта оралды.
Клуб 2013-14 жылғы Ла Лиганы жақсы бастады; Вильярреал өзінің алғашқы үш ойынын ұтты. Жеңісті серия Реал Мадридке 1:0 есебімен жеңілісінен кейін аяқталды. Осы маусымды Вильярреал 6-ншы орынмен аяқтап, Испанияның атынан УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
2014-15 жылғы маусымды Вильярреал тағы да 6-ншы орынмен аяқтады.
Дербилер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клубтың басты қарсыластарымен ойындары дербиге айналған. Бұлар: «Валенсия» клубымен ойын - Бірлестік дербиі (ис. Derby de la Communitát) және «Кастельон» клубымен ойын - Провинциялық дерби (ис. Derby de la Plana).
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ла Лига
- Күміс жүлдегер (1): 2007–08
- Сегунда Лига
- Жеңімпаз (3): 1997–98, 1999–00, 2012–13
- Сегунда Лига Б
- Күміс жүлдегер (2): 1987–88, 1991–92
- Терсера Лига
- Жеңімпаз (1): 1970
Еурокубоктар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- УЕФА Чемпиондар Лигасы
- Жартылай финалист (1): 2005–06
- УЕФА Кубогы/УЕФА Еуропа Лигасы
- Жеңімпаз (2): 2020/21
- УЕФА Интертото Кубогы
- Жеңімпаз (2): 2003, 2004
Танымал футболшылар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]\Бұл ойыншылар «Вильярреал» сапында 100 немесе одан да көп матч өткізгендер, клубпен бірге турнир сұрмергендер атанғандар, халықаралық турнирлерге және өз елдерінің ұлттық құрамасында ойнаған ойыншылар.
|
|
|
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ {{cite web|url=https://www.uefa.com/memberassociations/uefarankings/club/#/yr/2021%7Ctitle=UEFA rankings for club competitions.|publisher=uefa.com|lang=en|accessdate=2021-03-09}