Мазмұнға өту

Диалектілік континуум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

ДИАЛЕКТІЛІК КОНТИНУУМ[1] – тілдің бір-біріне үзілмей жалғасқан аумақтық саралануының түрі, көршілес говорлар немесе диалектілердің өзара ерекшелігі өте аз мөлшерде болғанымен, олар бір-бірінен алшақ орналасқан сайын арасындағы айырмашылық та ұлғая береді. Соған сәйкес түрлі диалектілік құбылыстардың изоглостары да сәйкестенбейді, диалектілер арасындағы шекара да болмайды. Диалектілік континуум туыстас тілдердің таралу шекарасында тілдік континуумға ауысуы мүмкін, нәтижесінде ол идеомаларды бір-бірінен айырып көрсетуде айтарлықтай мәселелер туындайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абасилов А. Әлеуметтік лингвистика сөздігі. – Алматы, 2016.-168 бет