Мазмұнға өту

Дизентерия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дизентерия (шигеллёз, амебиаз)
АХЖ-10

A03.903.9, A06.006.0, A07.907.9

АХЖ-9

004, 007.9, 009.0

MeSH

D004403

Дизентерия (көне грекше: δυσεντερίαδυσ- «нашар» + ἔντερον «ішектер») — антропонозды бактериальды ауру. Жұғу механизмі фекальді-оральді. Клиникалық картинасы комплитикалық синдроммен және жалпы интоксикациялық синдроммен белгіленеді.

Этиологиясы: қоздырғышы Shigella туысына жатады. Shigella 4 тобы (А,В,С,Д) және 4 түрі ажыратылады:

  • - Sh. dysenteria
  • - Sh.flexneri
  • - Sh.boydi
  • - Sh.sonnei
  • Sh.sonnei-ден басқа түрлері бірнеше сероварианттардан құралады. Шигеллада О және К антигендері бар. Олар эндотоксионнен тұрады, ал Sh. dysenteria, Sh.flexneri, Sh.sonnei экзотоксин өндіреді. Энтеро-нейро және цитотоксикалық белсенділігін иеленеді. Антибактериальді препараттарға полирезистенті және сыртқы ортаға төзімді.

Эпидемиологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық жерде таралымды. Инфекция көздері:-жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар - транзиторлы бактерия тасымалдаушы Көбінесе эпидемиологиялық қауіптілікті өкпе ауруымен ауыратындар төндіреді. Осылардың ішінде ең қауіптісі қоғамдық орында тамақтанатын жұмысшылар.

Берілу жолы: су, тамақ, тұрмыстық қатынас арқылы беріледі. Көбінесе жазда немесе жаз-күз айында ауырады. Сезімталдық-жоғары болады.

Иммунитет: 1-2 жыл мезгілінде спецификалық түрде болады.

Патогенезі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шигелла асқазанға түскенен кейін ашы және тоқ ішеке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh.dysenteriae (Григорьева-Шига) дизентерияларынан басқасына бактериемия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процесстер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы). Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы), дәрумендердің және гемостаз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды (г.з.т.) Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді.

Патологиялық анатомиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

атоморфологиялық өзгерістер дизентерия кезінде тоқ ішектің дистальді бөлімінде көрінеді. Қабынудың келесі түрлері кездесуі мүмкін:

  • катаральді
  • катаральді-эрозиялы
  • катаральді-геморрагиялық
  • ойық-жаралы
  • фибринозды

Дизентерияның клиникалық жіктелуі:

  1. Жедел дизентерия ұзақтығы 3 айға дейін (ауырлау ағымы, егер 3-4 аптаға дейін сауығу кезеңі болмаса).- колитикалық формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр) - гастроэнтероколиттік формасы (жеңіл, орташа ауырлықта, ауыр)
  2. Созылмалы дизентерия ұзақтығы 3 айдан 2 жылға дейін - қайталану формасы (рецидивирующие) - үзіліссіз формасы (непрерывное)
  3. Бактерия тасымалдаушы формасы (транзиторлы) Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан (6-12 сағат) 7 күнге дейін тербелісте болды. Орташа есеппен 2-3 күн. Дизентерия клиникасында екі синдром ажыратылады: колитикалық: жалпы интоксикациялық — басталуы жедел, кейінен жиі колитикалық синдром көрінеді.іште толғақ тәрізді ауырсыну (сол жақ мықын аймағында) жиі сұйық нәжіс (3-5-тен тәулігіне 20 рет). Нәжіс массасының мөлшерінің азаюынан шырышты және қан аралас болады. Нәжіс түрі «ректальді плевка» тәрізді болады.Жалпы интоксикация синдромы кейінірек пайда болады (2-3 сағаттан кейін).дене қызуы жоғарлайды (қалтыраумен немесе қалтыраусыз)әлсіздік, бас ауруы, лоқсу, құсу, тәбеті төмендейді.Интоксикация синдромы аурудың 2-3 күнінде көрінеді аурудың жақсы болжамды ағымында сауығу 2-4 аптада басталады ауырлау ағымында сауығу аурулардың 0,5-10% басталуы мүмкін. Гастроэнтероколитикалық формаға тән: қысқа инкубациялық кезең (6-8 сағат) жедел басталуы жалпы интоксикация симптомы және гастроэнтерит болуымен. Колит белгілері аурудың 2-3 күнінде қосылады. Жиірек сусыздану синдромы дамиды алиментарлы жолмен жұғуын қармайды Дизентерияның созылмалы ағымы аурулардың 2-5% кездеседі. Созылмалы дизентерияның қайталану ағымында клиникалық ремиссия болады, ал үзіліссіз ағымында ол болмайды. Ал бактерия тасымалдаушы (транзиторлы) туралы айтуға болады мынандай жағдайда:егер шигелланың капрокультурасы бөлінсе егер ағымның 3 айында бөлінген копрокультурада диарея болмаса егер қанның серологиялық зерттеуде теріс қорытынды болса егер патоморфологиялық өзгерісте

Асқынулары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • инфекция-токсикалық шок
  • гепатоволемиялық шок
  • аралас шок
  • ішектен қан кету
  • перитонит (перфорациялық ойық жара кезінде)
  • инвагинация
  • тік ішекке түсу
  • артқы өту жолының жарылуы

Дизентерияны шығыны:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • сауығу (көптеген аурулардың негізгі шығымы)созылмалы формаға өтуі (2-5% ауруларда) постдизентериялық колит ішек дисбактериозы

Диагностика

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

дизентерия диагнозы мынаған негізделеді: клиникалық негізге эпидемиологиялық негізге арнайы зертханалық негіздерге .Арнайы диагностикалық әдістер:

  1. бактериологиялық зерттеу (нәжістің, құсық массанының)
  2. серологиялық реакция (РНГА)
  3. аллергиялық сынама
  4. Арнайы емес әдістер:
  1. капрограмма
  2. ректороманоскопия

Салыстырмалы диагностикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. тамақтық токсикоинфекция
  2. сальмонеллез
  3. холера
  4. амебиаз
  5. иерсиниозбен және басқа ауруларымен (диарея бұзылуы кезінде).

Дизентерия емдеуі стационарлы және үйде болады. Госпитализация клинико-эпидемиологиялық байланысты жэүргізіледі. Емдеу:- диета

Режим ауыр ағымына байланысты Этиотропты препараттар (фуразолидон, неваграмон, метациклин, ципрофлоксоцин) жеңіл түрінде күніне 2-3 рет, орташа және ауыр ағымында 5-7 күн.Патогенетикалық терапия интоксикациялық синдром негізінде жүргізеді дезинтоксикациялық терапия, регидратациялық терапия ,дегидратация кезінде, негізгі белгілерде қолданылады: организмнің иммундық реактивтігін жоғарлаттын препарат (метилурация) ферменттер (креон, фестал) эубиотики (бифидум бактерин, лактобактерин) физиолечение симптоматикалық заттар Профилактикасы: дизентерия кезінде профилактика жүргізіледі: жалпы санитарлы-гигиеналық талаптар берілу жолына байланысты жүргізу

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]