Дүниежүзілік көрме (1851)
Дүниежүзі халық жұмыстарының Ұлы өнеркәсіптік көрмесі (ағылш. The Great Exhibition of the Works of Industry of All Nations)— 1851 жылы 1 мамыр мен 15 қазан аралығында лондондық Гайд-саябақта өткен әлемдік көрме. Көрмеде көптеген елдер (6 млн. адам) қатысқаны үшін "әлемдік" деп аталып кеткен. Бұл көрмеде адамдар әлемге пайдасын тигізетін машиналар، қолөнер заттары мен өндірістік әдістермен танысты.
Бұл дүниежүзілік көрменің бастауы болатын. Көрменің ерекшеленуі әрі күллі әлемнің аузына ілігуі Джозеф Пакстонмен байланысты. Ол таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы еді. Кейіннен бұл сарай өртке оранып, талайды таңдай қақтырған ғимарат күл шоғына көмілді. Хрусталь сарайы 1936 жылы өртеніп кетті. Бұл күнде сол ғимараттың атымен аталатын Лондонның оңтүстігінде «Кристал Пэлас» атты футбол клубы бар. Ол команда ағылшын премьер-лигасында үздік шықпаса да, 1990-1991 жылғы маусымда үздік үштіктің құрамына кірген.
Хрусталь сарай
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көрменің өте керемет өндірісі Хрусталь сарайы болды. Көрме осы сарайдың ішінде өтті. Сарай алаңының ұзындығы 90 000 шаршы метр, ұзындығы 564 метр болса, биіктігі 33 метрге дейін жетті. Сарайдың ішіне 14 000 адам сиятын болған. Сарай Джозеф Пакстонның басшылығымен салынды. Сарай шыны, шойын және ағаш секілді материалдардан салынды. Бұл сарайдың ең басты ерекшелігі болып табылады. Дүниежүзі халық жұмыстарының Ұлы өнеркәсіптік көрмесі аяқталғаннан кейін, сарай Сиднем-Хиллге ауыстырылып, өкінішке орай, 1936 жылы 30 қарашада өрттің салдарынан жойылып, қайта қалпына келген жоқ.
Джозеф Пакстон
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джозеф Пакстон (ағылш. Joseph Paxton)—көрмеге өте көп пайдасын тигізген архитектор.Ол кристалл сарайының авторы болып табылады. Онымен қоса жоба аяқталғаннан кейін, Ұлыбританияның көптеген жерлеріне бақ салды. Ол көрмеге тигізген пайдасы үшін "сері" атағына ие болды. Джозеф Пакстон әлемге бұрын-соңды болмаған өзгерістер алып келді.
Көрменің әлемге тигізген әсері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көрме әлемге өте үлкен өзгерістер алып келді. Сол кездегі Ресей патшасы І Николайдың айтуынша:Мұндай өзгерістер грек-рим уақытынан кейін болған жоқ Көрмеде көптеген заттар өндірілді. Көрмеде басты өндіріске ие болған заттар қару-жарақтар болды. Осы өндірістің арқасында Египет патшасы 36 мылтық сатып алса، Ресей патшасы дәл көрмедегідей 5000 оқты өндірді. Бір сөзбен айтқанда, көрме әлемнің өзгеруіне себепкер болды.
1853 жылы Нью-Йоркте, 1854 жылы Мюнхенде, 1865 жылы Портуда салынды. 1851 жылы қазанда көрмені ұйымдастырушылар Гайд-паркті бұрынғы қалпына келтіру туралы бастаманы қолға алды. Әсем ғимаратқа қызыға қараған жұртшылық Хрусталь сарайын бұзу туралы бастамаларына қарсы болды. Одан кейін бір жыл қалдыра тұру туралы парламент шешім қабылдады. 1852 жылы сәуірде консерваторлар оқыс шешім қабылдап, бұзып алу керек деді. Нәтижесінде араға ұзақ жылдар салып өртеніп тынды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://www.okipr.ru/encyk/view/229 Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы.
- http://agesmystery.ru/node/3610 Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
- http://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1287979