Мазмұнға өту

Жак-Ив Кусто

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жак-Ив Кусто
фр. Jacques-Yves Cousteau
Жак-Ив Кусто 1972 жылы Гаагада өткен конференцияда
Жак-Ив Кусто 1972 жылы Гаагада өткен конференцияда
Туған күні

11 маусым 1910 (1910-06-11)

Туған жері

Сент-Андре-де-Кюбзак, Бордо, Франция

Қайтыс болған күні

25 маусым 1997 (1997-06-25) (87 жас)

Қайтыс болған жері

Париж, Франция

Азаматтығы

 Франция

Ұлты

Француз

Қызметі

океанограф, фотограф, кинорежиссер, өнертапқыш

Әкесі

Даниэль Кусто

Анасы

Элизабет Кусто

Жұбайы

Симона Мельхиор (1937 – 1990)
Франсин Кусто (1991)

Балалары

Жан-Мишель Кусто,
Филипп-Пьер Кусто,
Диана Кусто,
Пьер-Ив Кусто

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Жак-Ив Кусто (фр. Jacques-Yves Cousteau; 11 маусым, 1910 жыл25 маусым 1997 жыл) — әйгілі француз мұхит зерттеушісі, фотограф, режиссёр, өнертапқыш, көптеген кітаптар мен фильмдер авторы. Француз академиясы мүшесі. Құрметті Орден легионы командоры. Капитан Кусто (фр. Commandant Cousteau) ретінде танымал.

Эмиль Ганьянмен бірігіп 1943 жылы алғашқы рет акваланг ойлап тауып оны тексеруден өткізген.

Ерте кездері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жак-Ив Кусто Сент-Андре-де-Кюбзак кіші қаласында Бордо аймағының виножасаушылар аймағында адвокат Даниэл мен Элизабет Кусто жанұясында дүниеге келген. Даниэль Кусто заңгер болған,ал жанұясы көп саяхаттаған. Баласы ерте суға қызыға бастады. 7 жасында хроникалық энтеритпен ауырып жанұя дәрігері үлкен күш салуға болмайды деп кеңес берген. Ауруы кесірінен Кусто қатты жүдеді.[1]

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Даниэл Кусто жұмыссыз қалып, соғыстан кейін қайта жұмыс табады, ол америкалық Евгений Хиггинсқа жұмыс істейтін болады. Оған көп саяхат жасауға тура келеді, ағайынды Пьер-Антуан мен Жак-Ив мектепте оқиды. Жыл бойы көбінше мектеп-интернатта өмір сүреді. Кусто ерте жүзіп үйреніп алып сол бойы суды жақсы көріп кетеді. 1920 жылы Юджин Хиггинс Нью-Йоркке оралады, Кусто жанұясы да сонымен ереді. Жак-Ив пен Пьер-Антуан АҚШ мектебінде оқып, сол жерден кіші Кусто демде ағылшынша сөйлеп кетеді. Вермонт штатында жанұясымен бірге демалыста олар алғашқы су астына түседі.

1922 жылы Хиггинс пен Кусто жанұсы Францияға қайта келеді. АҚШта Жак-Ив механика мен дизайнға қызығып үлгереді. Францияда ол батареймен істейтін автомобиль құрастырып алады. Бұл қызығушылығы оған кейінгі өмірінде көмегін тигізеді. Өзі сақтап жинаған ақшасына ол алғашқы кинокамерасын сатып алады. Жак-Ив көп нірсеге қызықса да оқуға үлгерімі нашар болады. Біраз уақыттан кейін әке-шешесі оны арнамы интернатқа жібереді, Кусто оны үзідік бітіреді.

1930 жылы ол Брест әскери-теңіз училищесіне түседі. Ол жиырма екінші болған, ал оның бірге оқитын группасы алғашқы болып әлемдік саяхатқа «Жанна д’Арк»пен шыққан. Әскери академияны ол прапорщик шенімен бітіреді, оны әскери үлестіру әскери-теңіз Шанхай базасына жібереді, ол КСРОда да болады, Жак Ширак көп сурет түсіреді, бірақ барлығын дерлік тәркілеп алынады. Кусто теңіз авиация Академиясына бармақшы болады, оны аспанға тартып тұрады, бірақ таулы жердегі автомобилды авариядатүсіп авиациядан бас тартуға тура келеді.

Кусто бірнеше қабырғасы мен сол қолындағы саусақтарын сындырып алады, тыныс мүшелері зақымданып, оң қолы істемей қалады. Сегіз ай бойы емделіп шығады. Қайта қалпына келу үшін 1936 жылы инструктор ретінде порт Тулондағы «Сюфрен» крейсеріне жұмысқа тұрады. Бірк күні ол су астында жүзуге арналған көзілдірік көреді. Сонымен суға түсе сала Кусто оның өмірі бұдан былай су асты патшалығымен тығыз байланысты екенін түсінді.

1937 жылы Симоне Мелихорға үйленеді, одан екі ұлды болады – Жан-Мишель (1938) және Филипп (1940 – 1979, «Каталина» авиаапатынан көз жұмған). Екінші дүниежүзілік кезінде француз қарсыласу қозғалысы мүшесі[2][3].

1950-жылдар басынан Кусто «Калипсомен» (Британ патшалық ӘТК миналық тізімнен шыққан кеме) мұхиттану зерттеулерін жүргізеді. Кустоға атақ 1953 жылы «Үнсізідік ілемінде» атты кітабынан кейін келеді, кітапты Фредерик Дюма екеуі жазған. Сол кітап негізінде түсірілген фильм 1956 жылғы «Оскар» марапаты мен «Алтын пальмалық бұтақты» ұтып алады.

1957 жыл Кусто Монакодағы мұхиттану мұражайын директор болып тағайындалады. 1973 жыл ол бейкоммерциялық теңіз әлемін қорғайтын «Кусто қоғамын» құрады.

1991 жылы Симона жұбайы рактан өмірден қайтқаннан кейін ол Франсине Триплетке үйленеді. Оған дейін олардың некесіз Диана қызы (1979) мен Пьер ұлы (1981) болған.

Кусто 87 жасында Миокард инфарктынан тыныс мүшелері ауруы қозғанна өмірден озады. Сен-Андре-де-Кюбзак бейітінде өзінің әулеттік алаңында жерленген.

Бастапқыда бірнеше исламдық БАҚ айтылғанына қарамастан Кусто ешқашан Ислам дініне көшпегені жайлы бірнеше дәйектер бар, және ол христиандық рәсіммен католиктік бейітте жерленген. Кусто қорының ресми хатында: «Біз сенімді түрде айталамыз - Командир Кусто ешқашан мұсылман болған емес және басқа сөздердің еш негізі жоқ» делінген.[4][5]

Теңіз зерттеулері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оның алғашқы «Үнсіздік әлемінде» атты кітабына сәйкес Кусто суға түсуін масканы, түтікті және ескекаяқтарды пайдалана Фредерик Дюма мен Филипп Тальемен бірге 1938 жылы түсе бастаған. 1943 жылы акваланг түптұлғасын Эмиль Ганьянмен біріге жасады. Бұл алғашқы рет су астында ұзағырақ уақыт болуға мүмкіндік берді, ал ол өз кезегінде су асты әлемін әжептәуір түсінуге мүмкіндік берді. Кусто су өтпейтін камералар мен жарық құрылғыларын ойлап тауып құрастырған адам, сонымен қатар алғашқы рет су асты теледидарлық құрылғы жүйесін іске асырды.

Теңіз шошқалары Эхолокацияға қабілеттері беймәлім кезде Кусто ондай қабілеттері бар деп жорамалдады. Өзінің алғашқы «Үнсіздік әлемінде» кітабында ол «Élie Monier» зерттеу кемесі Гибралтар бұғазында келе жатып теңіз шошқалар тобы арттарынан келе жатқанын байқағанын мәлімдейді. Кусто тиімді жол бағытынан бірнеше градусқа ауытқуға бұйырады, шошқалар біраз уақыт арттарынан ере береді, бірақ сосын бұғаз ортасына қарай қайта бұрылып кетеді. Адамдар білмесе де шошқалар тиімді ағыс бағыты қайда жатқанын білетіндігі айдан анық болды. Кусто сол кездегі субмариндер мен су асты кемелір үшін жаңа элемент болып табылатын сонар функциясын атқаратын қабілет киттәрізділерде болуы керек деп жорамалдады. Кустоныкі дұрыс болып шығады.

Кусто өзін «мұхиттану технигі» деп атағанды ұнататын. Шын мәнінде, ол үздік шоумэн, педагог әрі табиғат сүйгіш адам болатын. Оның еңбектері көпшілікке «көк құрлық» сырын ашуға көмектесті.

Оның еңбектері сонымен бірге, сол кезде көпшілік сынға алған, ғылыми тілдесудің жаңа түрі - «дивульгационизм», қарапайым концепциялармен алмасуды алып келді. Кейінірек бұл басқа ғылыми тәртәптерде де кеңінен пайдаланыла бастап бүгінгі телетаратылымның негізгі сипатына айналды.

1950 жылы Кусто «Калипсоны» Томас Лоэл Гиннесстен нышанды түрде жылына бір франкқа жылға алды. Кеме ашық мұхитта және су астын түсіруге мобилді лабораториямен жабдықталды.

1957 жылдан Монако мұхиттану мұражайы директоры болды.

1985 жылы мамырда Кусто командасы тағы бір кемеге иеленеді. Бұл қозғалу үшін Магнус эффектісін пайдаланатын турбожелкенді «Алсион» (Alcyone) екімачтолы яхтасы болды.

Кусто 1997 жылы маусымның 25 көз жұмды. Кусто өзі құрған Кусто қоғамы мен оның француз серігі «Кусто командасы» бүгінде жұмыс істейді.

Өмірінің соңғы жылдары, екінші рет үйленгеннен кейін, Кустоөз баласы Жан-Мишелмен Кусто аты үшін заңдық қырқысумен болды. Сот үкімі бойынша Жан-Мишел Кустоға өз биснесі мен әкесінің бейкоммерциялық істері арасында шатасушылыққа дол бермеу керек деп кесті.

2007 жылы International Watch Co су асты «Кусто су асты жүзушісі» атты хронограф ұсынды. Сағат ғылыми-зерттеу Калипсо кемесі интерьерін құрайтын күміс және ағаштан жасалған. Дайвер сағатын құрастрып IWC Кусто қоғамына қолдауын жалғастыра берді. Табыстың бір бөлігі бейкоммерциялық теңіздегі өмір мен тропикалық маржан қорларын қорғаумен айналысатын ұйымға берілді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Таңдаулы библиографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • The Silent World (1953; Фредерик Дюмамен бірге).
  • The Living Sea (1963; Джемс Дагенмен бірге).
  • World Without Sun (1965).
  • The Shark: Splendid Savage of the Sea (1970; Филипп Кустомен бірге).
  • La vie et la mort des Coraux (1971; Филипп Диолемен бірге).
  • Mighty monarch of sea (1972; Филипп Диолемен бірге).
  • Dolphins (1975).
  • La vie au bout du monde (1979; Иво Паккалемен бірге).
  • Jacques Cousteau’s Amazon Journey (1984; Моуз Ричардспен бірге).
  • Jacques Cousteau: The Ocean World (1985)

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Кусто командасының су асты одиссеясы»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Акулалар (1968) – фр.
  • Маржан джунглилері (1968) – фр.
  • Тереңдің сырлары (1968) – ағыл.
  • Киттер мен кашалоттар (1969) – фр.
  • Теңізден табылғандар (1969) – ағыл.
  • Теңіз қазыналары (1969) – ағыл.
  • Титикака көлі аңыздары (1969) – фр.
  • Шөл Киттері (1969) – фр.
  • Түнгі кальмарлар (1970) – бейм.
  • Теңіз пілдерінің оралуы (1970) – фр.
  • Бұл ғажайып батискафтар (1970) – ағыл.
  • Тірі теңіз (1970) – фр.
  • Нерка трагедиясы (1970) – ағыл.
  • Батып кеткен кемелер қолтығы (1971) – фр.
  • Галапагос аждаһалары (1971) – фр.
  • Су басып қалған үңгірлері сырлары (1971) – фр.
  • Батпайтын теңіз қамшаттары (1971) – ағыл.
  • Сегізаяқ, сегізаяқ (1971) – бейм.
  • Соңғы сиреналар(1971) – фр.
  • Дельфиндер дауысы (1972) – фр.
  • Морж күлкісі (1972) – ағыл.
  • 500 миллион жыл бойы теңіз түбінде (1973) – фр.
  • Гиппопотамдар (1973) – фр.
  • Әнші кит (1973) – фр.
  • Антарктика. I бөлім. От пен мұз (1974) – фр.
  • Антарктика. II бөлім. Пингвиндер ұшуы (1974) – фр.
  • Антарктика. III бөлім. қозғалмайтын әлем (1974) – бейм.
  • Антарктика. IV бөлім. Үміт шығанағындағы қарлы боран (1974) – ағыл.
  • Жер түбіндегі өмір (1974) – фр.
  • Солтүстік елінен келген құндыздар (1975) – бейм.
  • Корсикадағы маржандық дайвинг (1975) – бейм.
  • Юкатан ұйқыдағы акулалары (1975) – фр.
  • Изабелла аралы теңіз құстары (1975) – фр.
  • Жоғалған рифтер сыры (1976) – бейм.
  • Бейбақты жұтқан балық (1976) – бейм.
  • Лангустердің ұлы көші (1976) – бейм.
  • «Британника» жұмбағы (1977) – фр.
  • Римдіктер олжасын қуу (1977) – фр.
  • Атлантиданы іздеу. I бөлім (1978) – фр.
  • Атлантиданы іздеу. II бөлім (1978) – фр.
  • Пасха аралының мәдени мұрасы (1978) – фр.
  • Бесжүз лоттық ақырын қозғалыс (1978) – бейм.
  • Теңіз қаны (1979) – фр.
  • Ніл — құдайлар өзені. I бөлім (1979) – фр.
  • Ніл — құдайлар өзені. II бөлім (1979) – фр.
  • Жоғалған теңіз жәдігерлері (1980) – бейм.
  • Клиппертон ұмытылған аралы (1981) – фр.
  • Жылы жамылғылы теңіз (1982) – фр.

«Ғарыштағы жазира»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Прогресстың құны қандай? (1977) – бейм.
  • Сана дәні (1977) – бейм.
  • Лас су (1977) – бейм.
  • Халық саны өсуі — ақырын қозғалыстағы бомба (1977) – бейм.
  • Қуатпен ойнау (1977) – бейм.
  • Болашақ туралы арман (1977) – бейм.
  • Калипсо – Амазонаға саяхат: Бірінші дайындық (1982) – бейм.
  • Мыңдаған өзендер арасында (1983) – фр.
  • Сымбатты өзен (1983) – фр.
  • Жылтыңдаған көлеңкелер. Амазония үндістері (1984) – фр.
  • Алтын өзен (1984) – фр.
  • Жоғалған әлем мұрасы (1984) – бейм.
  • Амазониядағы ымырт (1984) – фр.
  • Джунглдегі желдер (1984) – фр.

«Теңіздерді қайта ашу»

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Коста-Рика: Әлем аралы, Амазона (1988, 1982) – фр.
  • Гаити: Қайғы суы (1986) – фр.
  • Куба: Тағдыр суы (1986) – фр.
  • Горн мүйісі: Жел суы (1986) – фр.
  • Кортес теңізі: Кортес мұрасы (1986) – фр.
  • Маркиз аралдары: Теңізден шығатын таулар (1987) – бейм.
  • Бұғаз аралдары: Болашақты болжау (1987) – фр.
  • Бұғаз аралдары: Мазасыз сулар (1987) – фр.
  • Норманд аралдары: Болашақ па, әлде өткен шақ па? (1987) – бейм.
  • Жаңа Зеландия: Раушан мен аждаһа (1988) – фр.
  • Жаңа Зеландия: Жалғыз тырна ұшуы (1988) – фр.
  • Тынық мұхит солтүстік-шығысы: Тірі тотемдер жерінде (1988) – фр.
  • Таити: Отты сулар (1988) – фр.
  • Кокос аралы: Асыл қазына аралы акулалары (1988) – фр.
  • Жаңа Зеландия: Жарылып жатқан теңіз (1988) – фр.
  • Беринг теңізі: Аляскадағы мырт (1989) – фр.
  • Аустралия: Соңғы барьер (1989) – бейм.
  • Борнео: Теңіз тасбақасы елесі (1989) – фр.
  • Папуа Жаңа Гвинея I: Уақыт машинасы (1989) – фр.
  • Папуа Жаңа Гвинея II: Адам-крокодилдері өзені (1989) – фр.
  • Папуа Жаңа Гвинея III: От ортасында (1989) – фр.
  • Таиланд: Теңіз тұтқындары(1989) – фр.
  • Борнео: Жүзуші джунгли (1989) – фр.
  • Андаман аралдары: Көрінбейтін аралдар (1990) – м.
  • Аустралия: Өткенді қарсы алу (1990) – фр.
  • Аустралия: Шөлді теңіз адамдары (1991) – фр.
  • Аустралия: От пен су адамдары (1991) – фр.
  • Аустралия: Теңіз қазынасы (1991) – фр.
  • Аустралия: Тасмания аралы күн шығысы (1991) – фр.
  • Аустралия: Жасыл горизонт (1991) – бейм.
  • Индонезия: Сайтан бағы (1991) – фр.
  • Индонезия: Теңіз жүрегі (1991) – фр.
  • Палаван: Соңғы қорған (1991) – фр.
  • Науру: Тасты ғаламшар (1992) – фр.
  • Теңіз елесі (1992) – бейм.
  • Аустралия: Ақ акула — жалғыз теңіз билеушісі (1992) – фр.
  • Дунай I: Перде ашылады (1992) – фр.
  • Дунай II: Ұлы Карл арманы (1992) – фр.
  • Дунай III: Ұлы Карл. «Jegtoro» бортында (1992) – бейм.
  • Дунай IV: Су тасқыны (1992) – фр.
  • Дунай V: Су тасқыны жарысы (1992) – фр.
  • Багам аралдары: Киттер мен дельфиндер – жасырын одақ (1993) – фр.
  • Меконг: Меконг сыры (1993) – фр.
  • Вьетнам мен Камбоджа: Күріш пен оқ дәрі балалары (1993) – фр.
  • Мадагаскар: Арал жаны. I бөлім (1995) – фр.
  • Мадагаскар: Арал жаны. II бөлім (1995) – фр.
  • Оңтүстік Африка: Алмазная пустыня (1996) – фр.
  • Оңтүстік Африка: Өмір шырағы (1996) – фр.
  • Қытай: Қытай арқылы Сары теңіз бойы (1996) – бейм.
  • Байкөл: Байкөл айнасында (1998) – фр.

Сериялардан тыс фильмдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 18 метр су астында (1943) – бейм.
  • Батып кеткен кемелер қалдықтары (1944) – бейм.
  • Тыныштық әлемі («Үнсіздік әлемінде») (1956) – фр.
  • Алтын балық (Қызыл балық оқиғасы) (1958) – бейм.
  • Күнсіз әлем (1964) – фр.
  • Жак-Ив Кусто әлемі (1966) – бейм.
  • Жердің түбіне саяхат (1975) – бейм.
  • Су түбіндегі жаңғырықтар (1982) – бейм.
  • Қасиетті Лаврентий өзені: Теңізге баспалдақ (1982) – бейм.
  • Жел қызы (1985) – фр.
  • Миссисипи: Қырсық одақтас (1985) – фр.
  • Миссисипи: Одақтас пен қарсылас (1985) – фр.
  • Жак Кусто: Алғашқы 75 жыл (1985) – бейм.
  • Жел аттыларыа (1986) – бейм.
  • Валдэс: Бір қылмыс тарихы (1990) – бейм.
  • Антарктидалық Лилипут (1990) – бейм.
  • Менің алғашқы сексен жылым (1995) – бейм.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Jacques-Yves_Cousteau