Жамандат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Үлгі:Infobox disease

Жамандат (Anthrax), Сібір жарасы — жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Ж-тың қоздырғышы — спора түзетін таяқша тәрізді бацилла (Bacіllus anthracіs). Ол сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді, топырақта өзінің уыттылығын жоймай бірнеше ондаған жылдар бойы сақталып жата береді. Бұл бацилла қоздыратын аурудың қойдағысынтопалаң, сиырдағысынқараталақ, түйедегісінақшелек, қарабез, адамдағысын — күйдіргі, түйнеме деп атайды. Адамға ауру малды күткенде, сойғанда, еті мен сүтін пайдаланғанда жұғады. Ж-ты 18 ғ-дың аяғында Орал және Бат. Сібір өңірінде болған үлкен эпидемияға байланысты сібір жарасы деп атап кеткен. Ауру малдың дене темп-расы 41 — 42С-қа дейін көтеріледі, тыныс алуы қиындап, жүрек соғуы жиілейді, тез қалжырайды. Жемшөпке тәбеті болмайды, іші өтіп, нәжісі мен зәріне қан араласып шығады, аузы-мұрнынан қанды көбік ағады, көзі қанталайды. Денесінің әр жерінде ісік пайда болып, тесіліп жараға айналады да қанды ірің ағады. Ауру бірнеше минуттан (өте жедел түрінде) бірнеше күнге созылады. Ж. сау малға қоздырғыштармен ластанған жемшөптен, ауру малдың нәжісімен, сілекейімен, сүтімен бірге сыртқы ортаға таралған бацилладан жұғады. Ауру, көбінесе, жазда кездеседі. Емі: ауру малды оқшаулап, басқа қораға қамайды, ауруға қарсы сарысу, гамма-глобулин, антибиотиктер егіледі. Аурудың алдын алу үшін жыл сайын барлық малға Ж-қа қарсы вакцина егеді. Ауру шыққан шаруашылыққа карантин салып, қораны залалсыздандырады. Өлген малды өртеп, көміп тастайды.