Мазмұнға өту

Жонглер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жонглер (французша jongleur – күлдіргі, қуақы) – 1) орта ғасырлардағы француз кезбе актерлері мен музыканттарының жиынтық атауы. Олар ағылшын менестрельдеріне, неміс шпильмандарына (кейде гистриондар деп те атаған), орыс скоморохтарына ұқсас болған. XI ғасырда өнер көрсетудің мұндай түрі музыка мен поэзияны, мимика және акробатика өнерінің басын біріктіріп, кәсіби дәрежеге көтерілді. Шіркеу тәртіптерін күлкіге айналдырған Жонглер діндарлар тарапынан қуғынға ұшырап отырған. XIII ғасырда кейбір елдерде Жонглер бауырластықтары құрылды. Жонглерлік өнерде ішінара әйелдер де ойын көрсетті; 2) қас қағым сәт ішінде бірнеше зат пен бұйымды қатар лақтырып, әрі оларды қағып алуды меңгерген цирк артисі; қ. Жонглерлік өнер.[1]

  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;