Мазмұнға өту

Ингуш тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ингуш тіліингуш халқының тілі.

Иберий-кавказ тілдері шоғырының нах-дағыстан тобына жатады. Туыстық жағынан чечен тіліне жақын. Әдеби тілі халықтың сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Ингуш тілінің әліпбиі әуелде латын жазуы негізінде (1920 – 38), кейін (1938 жылдан) кириллица негізінде жасалған. Қазіргі ингуш тілі әліпбиінде 46 әріп бар. Дифтонг дыбыстар ашық буында созылыңқы, тұйық буында, көбінесе, қысқа оқылады. 10 түрлі септік жалғауы бар. Сөздік құрамында орыс, араб, парсы, түркі тілдерінен енген сөздер көп. Грамматикалық құрылысы эргатив конструкциялы.[1]

Қазіргі ингуш әліпбиі[2]

А а Аь аь Б б В в Г г ГI гI Д д Е е
Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Кх кх Къ къ
КI кI Л л М м Н н О о П п ПI пI Р р
С с Т т ТI тI У у Ф ф Х х Хь хь ХI хI
Ц ц ЦI цI Ч ч ЧI чI Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы
Ь ь Э э Ю ю Я я Яь яь I

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  2. ГIалгIай-эрсий дошлорг (Ингушско-русский словарь). Нальчик, 2009. ISBN 978-5-88195-965-4