Ион Пантелеевич Друцэ
Друцэ Ион Пантелеевич (3.9.1928 жылы туған, Молдова, Дондюшан ауданы Хородиште село) — молдова жазушысы.
Мәскеу Жоғары әдебиет курсын бітірген (1956). “Цзранул Советин” газетінде, “Фекся Молдавет” журналында әдеби қызметкер болып қызмет істеген. Алғашқы “Біздің селода” атты жинағы 1953 жылы жарық көрді. Шығармада молдова халқының салт-дәстүрі, ауыл өмірі бейнеленген. Друцэнің шығармаларында Ұлы Отан соғысы әкелген зардаптар, Отан үшін күрескен молдова халқының рухы, халықтың арман-тілегі, ғасырлар тезінен өтіп, сақталған ұлттық дәстүрі шынайы суреттеледі. Оның “Махаббат туралы хикая” (1954), “Адамдарды сағыну” (1959), “Бетпе-бет” (1964), “Мұңды жапырақтар” (1965) атты әңгімелер жинақтары, “Касе маре” (1960), “Дойна” (1971), “Жастық шағымыздың құстары” (1972), “Қасиетті дүние” (1976) романдары жарық көрген. Друцэнің “Ақ көңілміз, жүк ауыр” романы (1977), “Албырап піскен алхоры” (1981) жинағы қазақ тіліне аударылған.
Молдова Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энцклопедиясы
- 3 қыркүйекте туғандар
- 1928 жылы туғандар
- Бессарабияда туғандар
- Республика орденінің (Молдавия) иегерлері
- Ленин орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Халықтар Достығы орденінің иегерлері
- Молдаван КСР мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Дондюшан ауданында туғандар
- Молдавия жазушылары
- Молдавия округінен КСРо халық депутаттары
- КСРО жазушылары
- КСРО драматургтері
- Орыс драматургтері
- XX ғасырдағы орыс жазушылары
- Ауылшыл жазушылар