Мазмұнға өту

Кактустер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кактус

Кактустер - кактустер тұқымдасына жататын көпжылдық суккуленттер. Америка континентінің шөл және шөлейт далаларында жиі кездеседі. Кактустердің көптеген түрлерінің жапырақтары жойылып, тікенектерге айналған, сабақтары суға толы резервуарға ұқсас. Барлық кактустердің ареолдары бар, олардан гүлдер өсіп шығады, яғни «өркен» кактустер пайда болады. Өзіне тән сыртқы әсемдігіне құлпырған гүлі үйлесімді келетін бұл өсімдік бөлмеде гүл өсірумен шұғылданатын әуесқойлар арасында кеңінен танымал. Бөлмені сәндеу үшін оның мына түрлері мен топтары ұсынылады. Пейрескиялар жапырақты, ірі бұта сияқты өседі, тамыры әлсіз кактустермен будандастыруға қолайлы.

Опунциялардың тікенекке қоса ұсақ түрпілер (глохидиялар) өсіп шығатын, теріге және киімге оңай қадалатын жалбыз тәрізді өсінділері және ареолдары болады. Олар сәндік үшін өсіріледі.

Цереустер. Бағана тәрізді қырлы сабақтары ерекше төгіліп тұратын ұзын, не қысқа қылтан ақтары немесе жалаңаш және көкшіл (цереус, цефалоцереус, эспостоа, ореоцереус, лемереоцереус, трихоцереус) түрлері болады. «Кірпі тәрізді» кактустер тобы — дөңгелек формалы және тікенектері көп (аты осыдан шыққан) кактустер. Бөлмеде өсіру үшін эхинопсис, эхинокактус, эхиноцереус, ребуция, айлостера, лобивия және буркемелобивия, пародия, гимнокалициум, ферокактус, хаматокактус т. б. қолайлы.

Маммилляриялар — бүртікті кактустер тобы; формалары мен тікенектері түрліше болып келеді. Маммилляриялардың бүртіктері сабағына шырмалып өседі, ал гүлдері ареолдардың арасындағы бүртіктерден өніп шығады.

Гүлдеген кактус

Жоғарыда айтылған түрлерден басқа эпифиллюм, рипсалис, эпифиллопсис, рипсали-допсис және зигокактус деп аталатын орман кактустері де бар. Бұлардың көпшілігі — эпифиттер, сондықтан олар бөлмеде өзге өсімдікке телінгенде (мысалы, пей-рескияға) жақсы өседі. Бұл — көлеңке сүйгіш өсімдік, тура түскен күн сәулесін қаламайды, қыста үнемі ылғалдандырып отыруды қажет етеді. Оларды құм мен көмір қоспасы араласқан борпылдақ шірінді топыраққа отырғызу керек. Шөл дала кактустерін өзен құмы, кірпіш ұнтағы немесе бор және ағаш көмірі қосылған жапырақ шіріндісі аралас және шым топыраққа өсіруге болады. Бұлар — жарық сүйгіш өсімдіктер, күн сәулесін көп қажет етеді және ашық ауада жақсы өседі. Қыста кактустерді суық жерге (—60С-дан —80С-ға дейін) және міндетті түрде құрғақ орынға қойған жөн. Суықта октябрьден мартқа дейін сақталған кактусты суармайды, сонда олар жақсы гүлдейді. Оларды суарғанда өсімдік отырғызылған құмыраларды судың көпіршігі басылғанша суға салады да, содан кейін әбден құрғатады. Құмыралардың түбіне 3—4 см-дей қалыңдықта ұсақ әйнек сынықтарын салады. Жас өсімдік ылғалды көп қажет етеді, сондықтан оларды қыста айына бір рет суарады және топырағы қатты құрғап кетпеуін қадағалап отырады. Ересек кактустерді құрғату қиын, сондықтан олар сәл ғана судан оп-оңай шіриді. Қыста суды азайту кактустерге тиісті тыныштық кезеңін бермейді. Бұл үшін төмен температура қажет. Кактус тұрған терезе алдын бөлмеден шыны немесе полиэтилен пленкалар арқылы қалқалауға болады. Кактустерді отырғызу аса ұқыптылықты талап етеді. Тұқымды жартысы жапырақ аралас топырақ болып келетін шайылған өзен құмына егеді. Өркендері топырақ бетіне өніп шыққанша температура 25—30 С болуы тиіс және суды бүріккішпен себеді. Алғашқы күндері ыдысты шынымен жабу керек. Жақсы өсіп жетілу үшін кететін бірнеше рет сирету керек. Бірінші жылы оларды аса құрғап кетуден, шақырайған күннен және жел өтіиен сақтаған жөн. Кактустерді қалемшелерінен өсірген тиімді. Қалемшелерді өткір пышақпен кесіп алады да, оған күкірт немесе көмір сеуіп, 3—4 күн келтіреді. Қалемшелерді шайылған өзен құмында тамырландыру керек (қолайлысы қыздырылған құмда). Тамыр жайысымен қалем-шелерді шағындау ыдыстарға көшіріп отырғызуға болады. Топырақ кесектері кеуіл, тамырдан оңай ажырайтындай болуы үшін көшірт отырғызбастан 3—5 күн бұрын суаруды тоқтатады. Көшірт отырғызу кезінде абайсызда жарақат түскен түбіршіктері шірімес үшін көлеңкеге қояды, 5 күнге дейін суармайды. Көшіріл отырғызуға ең қолайлы уақыт — көктем.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Кактус