Мазмұнға өту

Кокцидиятәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кокцидиятәрізділердің ооцистасы

Кокцидиятәрізділер класына (COCCIDIOMORPHA) - өздігінше тіршілік ете алмайтын, тек қана клетканың ішінде паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Денелері сопақша, домалақтау не доға сияқты болып келеді. Олар адамның, сүтқоректілердің, құстардың ішек клеткаларында, бауыр, бүйрек, қан клеткаларында кездеседі. Қан споралылардың және кокцидиялардың даму кезендері бір-біріне өте ұқсас, сондықтан бұл екеуін кокцидиятәрізділер класына жатқызады. Бұлардың көбеюінде кезектесіп жүретін үш кезеңді байқауға болады: шизогония (жыныссыз көбею) гаметогония (жынысты) және спорогония.

Көптеген кокцидиялардың бір ғана иесі болады, сондықтан спорогония кезеңі жартылай немесе толық сыртқы ортада жүреді (Eimeria magna). Басқаларының иесі екеу, жыныссыз көбеюі бір иесінде өтеді, ал жынысты көбею және спорогония кезеңі екіншісінде (Plasmodium vivax).

Бұл кластың негізгі екі отрядын атап кетуге болады: кокцидиялар отряды - Coccidiida және кан споралылар - Haemosporidia.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәуітбаева К. Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004. ISBN 9965-749-11-6