Мазмұнға өту

Концентрация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Концентрация немесе Қойырлық, химиядақоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады. Концентрацияның бірнеше түрі бар: массалық үлес Концентрациясы – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы; оны процентпен сипаттауға болады. Сондықтан оны проценттік Концентрация деп те атайды; көлемдік үлес Концентрациясы – еріген зат көлемінің ерітіндінің жалпы көлеміне қатынасы; бұл да процентпен сипатталады; молярлық Концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/м3); эквиваленттің молярлық Концентрациясы – ерітіндідегі зат эквивалентінің зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/л); молярдік Концентрация – ерітіндідегі еріген зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы (моль/кг); титр – еріген зат массасының ерітіндінің көлеміне қатынасы (г/л); молярлық үлес Концентрациясы – еріген зат мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттардың мөлшерлерінің қосындысына қатынасы.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]