Күміс нитраты (I)
Күміс нитраты немесе Ляпис - түссіз, мөлдір кристалды зат. Формуласы: AgNO3.
Қасиеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тығыздығы — 4,352 г/см³. Балқу температурасы — 209,7 °C. 300 °C-тан астам температурада ыдырайды. Метил спиртінде еруі — 3,6 г/100 г; этил спиртінде — 2,12 г/100 г; ацетонда — 0,44 г/100 г; пиридинде — 33,6 г/100 г (20 °C).
Алынуы:
Күміс нитраты (I) тұз қышқылының реактивы болып саналады:
Қыздырғанда күміс металы түзеледі:
Емдік қасиеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кілегей қабығы қабынғанда, жалақ, ойық жара пайда болғанда, бленнорея ауруы кезінде май түріндегі ляписті теріге жағады. Ляпистің 2%-дық ерітіндісін соз ауруынан алдын-ала сақтандыру үшін сәбидің көзіне тамызады. Тыныс органдарының кілегей қабығы қабынғанда антисептикалық және қабынуға қарсы дәрі ретінде ляпистің ақуызды препараты (протаргол), ал іріңді жараны, қуықты жууға каллоидты препаратын (колларгол) қолданады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том