Малики мазһабы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бұл мазһабтың негізін қалаушы - Малик бин Әнәс. Малик һижраның 93 ж. (милади 712 ж.) Мединеде туылып, һижраның 178 ж. (милади 795 ж.) сол жерде қайтыс болады. Малик атақты табиун ғалымдардан хадистер мен фикһ ілімін үйреніп, кейіннен өзі де пәтуа бере бастаған.

Имам Малик үкім шығаруда өзге мужтахид имамдар сияқты настарға және сахабалардың пікірлеріне көп мән береді. Малик қияс және истихсанмен қатар «маслахат-ы мүрселе» және «селди зерия» қағидаларына да құқықтық мәселеде маңызды орын берген.

Маслахат жалпы мағынада мүлде және пайда дегенді білдіреді. Ал маслахаты мүрселе - нақты үкімі шығарылмаған және кияс жолымен шешімін табу мүмкіндігі болмаған мәселенің жалпы қағидалар мен мақсаттарға сай шешілуі деген сөз.

Селди зерия - харамға апаратын жолды жабу деген мағынаны береді. Имам Малик назарға ала отырып, жоғары бағалаған оқиғаларының бірі - Мадина халқының діни үкімдерді орындауы. Оның пікірінше, мединеліктердің іс-әрекеті мутауатыр сүннетке бағаланады. Малики мазһабы алдымен Хижаз өлкесінде, кейіннен имам Маликтің Есед бин Фурат, ибн Уәхб және ибн Қасым сияқты шәкірттері арқылы Солтүстік Африка мен Андалусиада (Испанияның оңтүстік бөлігі) тараған, тіпті Андалусия-Умея мемлекетінің ресми мазһабы болған. Қазір бұл мазһаб Мысыр, Тунис, Алжир, Марокко және Суданда кеңінен қолданылуда.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1