Мазмұнға өту

Медеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Медеу
Толық атауы

«Медеу» спорт кешені

Орналасуы

Керей-Жәнібек хандар көш., 465, Алматы, Қазақстан

Салынған

1972 жыл

Ашылған

1972 жыл

Жаңартылған

2001–2002,
2008–2009

Иесі

Алматы қаласының әкімшілігі

Сыйымдылығы

8100

Сайты

https://medeu.kz

Медеу (Қазақстан)
Медеу спорт кешеніне Шымбұлаққа барар жолдан көрініс.
Допты хоккей, VІІ қысқы Азия ойындары

Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан.

Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу спорт кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В. З. Кацевке, А. С. Қайнарбаевқа инженер С. Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі – хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, қонақүй, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материал қабатты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған.

Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электрон таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3-4 см, қыста 10-15 см-ге дейін жетеді. Медеу спорт кешені құрамына Медеу қонақүйі кіреді. Медеу қонақүйінің бір, екі орындық және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамды қабылдай алады.

Сенбі, жексенбі күндері Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конькишіні қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әртүрлі халықар. жарыс өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу спорт кешені – тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі «Азия дауысы» халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.[1]

МедеуАлматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сыйғызады.

Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.[2][3]

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  3. Григорьева В. (құрастырушы). Медеу. Медео. Medeo. Алматы, «Өнер», 1988.