Мазмұнға өту

Министрлік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі

Министрлік (латынша ministro – қызмет етемін, басқарамын) - мемлекетті басқарудың орталық органы. Еуропада 16-17 ғасырда пайда болды. Александр 1 таққа отырысымен Ресейде де министрлік құрылды.

1802 жылғы Манифест бойынша министрле лауазымы белгіленді. (ішкі істер, юстиция, финанс, коммерсия, халық ағарту, соғыс-құрлық күштері және сыртқы істер) Коллегиялар министрлерге берілді.[1]
Министрлер Сенат пен Министрлер комитеті құрамына кірді. Сонымен қатар патшаға жеке баяндама жасауға құқықты болды. Сперанский дайындаған Министрлер туралы жалпы ережелер 1811 жылдың 25 маусымында күшіне еңді. Министрлікті министр басқарады, оның орынбасары болады. Министр жанынан кеңесші орган –министр кеңесі құрылды. Министрліктер бөлімінің бастықтары соның құрамына кіреді. 1861 жылға дейін Ресейде 9 министрлік жұмыс істеді. 1917 жылы ол 12 болды. Ұлы Октябрь революциясы помещиктік-буржуазиялық Ресей министрліктерін жойды.

КСРО Министрліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халық шаруашылығы мен әлеуметтік-мәдени құрылыстың және әкімшілік-саяси қызметтің белгілі бір саласын басқаратын мемлекеттік орталық орғаны Советтік мемлекеттік аппараттың маңызды бөлігі. Әрбір Министрліктің басты міндеті халық шаруашылығының өзіне тапсырылған саласы жан жақты өркендеуін, өндіріс пен еңбек өнімділігін даму қарқыны мейілінше жоғары болуын мемлекеттік тапсырмалардың орындалуын және мемлекеттік тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету болу болып табылады.
Министрліктің құқықтары мен міндеттері КСРО Конституциясы мен одақтас және автономиялық республикалар конституцияларында КСРО Министрліктер туралы 1967 жылғы жалпы ережелерде белгіленген. Совет Министрліктері яғни жалпы одақтық Министрліктер мыналар: авиация, өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, сыртқы сауда, газ өнеркәсібі, азаматтық авиация, машина жасау, мал шаруашылығы мен жем-шөп өндіру үшін машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрмыстық приборлар үшін машина жасау, медицина, теңіз флоты, мұңай өнеркәсібі, қорғаныс өнеркәсібі, жалпы машина жасау, автоматизация және басқару жүйесі, орта машина жасау, инструмент және станок жасау өнеркәсібі, құрылыстық және коммуналдық машина жасау мұңай және газ кәсіпорындары құрылыс өнеркәсібі, кеме жасау өнеркәсібі, трактор және ауыл шаруашылық машиналарын жасау, транспорт құрылысы, ауыр энергетика, транспорт машиналарын жасау, химия және мұнай машиналарын жасау, химия өнеркәсібі целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, электрон өнеркәсібі, электротехникалық өнеркәсібі.
Одақтық республикалық Министрліктерге мыналар жатады: ішкі істер, жоғарғы және орта білім, геология, дайындау денсаулық сақтау, сыртқы істер, мәдениет, жеңіл өнеркәсібі, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, су шаруашылығы, монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстары, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдар өнеркәсібі, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылық құрылыс, сауда, көмір өнеркәсібі, финанс, түсті металлургия, қара металлургия, энергетика және электролендіру, юстиция. КСРО Министрлікті министр басқарады.
Оны КСРО жоғарғы Советі тағайындайды. Министр Министрлікке тапсырылған жұмыс үшін дара жауап береді. Ол Министрлік компетенциясы шеңберінде КСРО заңдары мен Министрлік Советінің қаулыларына, жарлықтарына сүйене отырып бұйрықтар шығарады. Нұсқаулар береді. Негізгі маңызды мәселерді қарап шешу үшін Министрліктер коллегиясы құрылады. Коллегия құрамын Министрліктер Советі бекітеді. Өзінің құрамына кіретін кәсіпорындары мен ұйымдар мекемелер арасындағы шаруашылық дауларын қарау үшін Министрлік арбитраж құрылады. Қазақстан КСР-не одақтық-республикалық мына Министрліктер бар: ішкі істер, жоғары және арнаулы оқу орындары, геология , дайындау денсаулық сақтау, сыртқы істер, мәдениет, жеңіл өнеркәсібі, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, су шаруашылығы, монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстары, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдар өнеркәсібі, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылық құрылыс, сауда, көмір өнеркәсібі, финанс, түсті металлургия, қара металлургия, энергетика және электролендіру, юстиция. Қазақстан КСР-нің республикалық Министрліктер мынаулар: автомобиль жолдары, автомобиль транспорты, халық тұрмыс қажетін өтеу, коммуналдық шаруашылық, жергілікті өнеркәсібі, әлеуметтік қамсыздандыру. Социалисттік елдердегі Министрліктерді жоғарғы өкімет органдар құрады. Ол өкімет органын құрады және өзін тағайындаған жоғары өкімет орган алдында жауап береді. Буржуазиялық мемлекеттерде Министрліктер мемлекеттік басқарудың жеке саласында басшылық етіп, қызмет атқарады.[2][3]

ҚР Министрліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
  • ҚР Iшкi iстер министрлігі
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
  • ҚР Сыртқы істер министрлігі
  • ҚР Қорғаныс министрлігі
  • ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі
  • ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
  • ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
  • ҚР Көлiк және коммуникация министрлігі
  • ҚР Қаржы министрлігі
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
  • ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі
  • ҚР Әдiлет министрлігі
  • ҚР Мұнай және газ министрлігі
  • ҚР Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрлігі

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, VI том
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары. Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
  3. Қазақ КСР мемлекеттік мекемелері. Анықтамалық. Қазақ АКСР Әлеуметгік-мәдени құрылыс басқармасы органдары, әкімшілік-саяси органдары және әділет соты органдары (1920— 1936 жж.) 2-т.