Мұхитқа шыға алмайтын елдер
Құрлықіші мемлекетке толықтай құрлықпен қоршалған немесе құрлықіші теңіздері бойынша өтетін мемлекеттер жатады.
Дүниеде 44 құрлық іші мемлекет бар. Олардың 16-сы Африкада, 14-і Еуропада, 12-сі Азияда, 2-і Оңтүстік Америкада орналасқан.
Егер де қандайда бір мемлекет бір немесе бірнеше құрлықіші мемлекетпен қоршалған болса ондай мемлекет "қосарлы құрлықіші мемлекет" болып саналады. Бұндай ел мұхитқа шығу үшін кемінде екі мемлекеттің шекарасын кесіп өтуі қажет. Оларға Лихтенштейн және Өзбекстан жатады. Сондай-ақ айналасы тек бір ғана елмен қоршалған Ватикан, Сан-Марино, Лесото тәрізді 3 мемлекет, екі елмен қоршалған Андорра, Непал, Бутан, Молдова, Моңғолия, Лихтенштейн, Эсватини сынды 7 мемлекет бар.
85 млн халқы бар (2009 жыл) Эфиопия ең көп халқы бар құрлықіші мемлекетке жатады. Уганда (32,4 млн), Непал (29,3 млн), Өзбекстан (28,6 млн) елдерінде 20 млн-нан астам халық бар.
Құрлық іші елдерден Қазақстаннан кейін ауданы бойынша ең үлкендері - Моңғолия (1 566 500 км²), Чад (1 284 000 км²), Нигер (1 276 000 км²), Мали (1 240 000 км²), Эфиопия (1 104 300 км²), Боливия (1 098 581 км²).
Мұхитқа қақпасыз елдердің тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Әзірбайжан — құрлықпен қоршалған Каспий теңізіне шығады.
- Армения
- Ауғанстан
- Непал
- Бутан
- Қазақстан — құрлықпен қоршалған Каспий, тартылып жатқан Арал теңізідеріне шығады.
- Қырғызстан
- Лаос
- Моңғолия
- Тәжікстан
- Түрікменстан — құрлықпен қоршалған Каспий теңізіне шығады.
- Өзбекстан — тартылып жатқан Арал теңізіне шығады.
- Ботсвана
- Буркина-Фасо
- Бурунди
- Замбия
- Зимбабве
- Лесото
- Малави
- Мали
- Нигер
- Оңтүстік Судан
- Руанда
- Эсватини
- Уганда
- Орталық Африка Республикасы
- Чад
- Эфиопия
- Аустрия
- Андорра
- Беларуссия
- Ватикан
- Косово — жартылай мойындалған ел
- Лихтенштейн
- Люксембург
- Македония
- Молдова
- Сан-Марино
- Сербия
- Словакия
- Мажарстан
- Чехия
- Швейцария
Тарих
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Географиялық өлшеммен құрлықіші елдер пайдасы аз елдер делініп келді. Өйткені, бұндай елдерде теңізде балық аулау, қазба байлықтарын игеру тәрізді салалар дамитын негіз мүлде жоқ, және сыртқы саудада маңызды рөлі бар теңіз тасымалын жүргізу мүмкіндігі де жоқ. Адамзат теңіз жағалауы маңында шоғырланып жасауға ұмтылатындықтан құрлықіші елдерде халық аз жасап келді. Сондықтан мемлекеттер теңізге қақпалы болу үшін өзара үнемі бәсекелесіп келген.
Конгоның еларалық кеңесі немесе қазіргі Конго демократиялық республикасы 1885 жылы Берлин құрылтайында теңізге қақпалы болу үшін Анголаның жерін 2-ге бөліп жіңішке коридор алғанды. Жаһандық бірінші соғыстан кейін Польшаны теңізге қақпалы болдыру үшін Данцигті Польшаға өткеріп берген. Дунай өзені Аустрия, Венгрия елдерін теңізге қақпалы болдыру үшін халықаралық маңызға ие болды.
Боливия 19-шы ғасырда Тынық мұхитындағы соғыстың нәтижесінде теңізге шығатын жалғыз қақпасынан айырылып қалғанды. Бірақ Боливия теңіз әскерлері әлі күнге дейін Титикака көлінде жаттығу істеп келеді. Жаһандық бірінші соғыстан бұрын Венгрия өзінің қарамағындағы Хорватияның аутономиясын мойындаса да Адриат теңізі жағалауындағы порт қала Фиумді тіке қарауына алып, Будапешттен тағайындалған билеуші билеп, үшбу елдің жалғыз порт қатары пайдаланғанды. Трианонның келісім шартымен аталмыш қаланы Хорватияға беруімен Венгрия теңізге қақпасыз қалды.
Эритрея, Черногорияның егемен болуы Эфиопия, Сербияны теңізге қақпасыз қалдырды. Ресей Солтүстік мұзды мұхитқа қақпалы болғанмен қыста қатып қалып тасымал қатынасы үзіліп қалатындықтан жерін Балтық теңізіне, Қара теңіз, Тынық мұхитына дейін кеңейіткен болатын.
Мұхитқа қақпасыз елдерге көрсететін жеңілдік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Теңіз заңы туралы БҰҰ-ның конвенциясы бойынша мұхитқа тіке шыға алмайтын елдер басқа елдердің жері арқылы алым салықсыз тасымал істеуге құқылы. БҰҰ-ы дамып келе жатқан, теңізге қақпасыз елдерге жәрдемдесетін бағдарлама жүргізіп келеді.
Дерлік мұхитқа шыға алмайтын елдер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Төмендегі елдердің теңізге шығу мүмкіндігі шектеулі.
- Ирак, Әл-Фау түбегімен Парсы шығанағына - 58 км.
- Словения, Копермен Адриат теңізіне - 47 км
- Конго демократиялық республикасы, Атлант мұхитына - 40 км
- Босния және Герцеговина, Неум арқылы Адриат теңізіне - 26 км
- Иордания Акаба арқылы Акаба шығанағына, Қызыл теңізіне - 26 км