Мазмұнға өту

Некрополь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Франциядағы Некрополь.
A.
Мәскеудегі басты Некрополь.

Некрополь -(грек. nekros – өлі, polіs – қала), көне және жаңа дәуірлердегі бейіттерге байланысты айтылады.

Екі мағынада қолданылады: 1) адамдар жерленген обалар мен қабір топтары, яғни жалпы зират, қорымдар; 2) отырықшы-қалалық орталықтар төңірегіндегі неғұрлым үлкен зираттар. Некрополь атауына сай келетін зираттар Қара теңіз жағалауларындағы антикалық замандағы грек қалаларының маңында, ерте темір дәуіріндегі және ортағасырлық қала мәдениеті өркендеген өлкелерде көп зерттелген. Ғылыми ақпараттық мөлшері мен құндылығы бойынша, көне ескерткіштердің аса маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстанның батысында Шопан-ата сияқты үлкен Некропольдер, Оңтүстік Қазақстан өңірінде, Сырдың орта ағысындағы қалалық орталықтар төңірегінде шоғырланған көптеген ірі Некропольдер белгілі. Түркістан төңірегінде Сидақ, Шаға, тағы басқа Некропольдер бар, Арыс өзенінің алқабында аса ірі Бөріжар Некрополі орналасқан. Кейде атақты тарихи тұлғалардың қабірі айналасында қалыптасады да, осы адамның атымен аталады. Мәселен, Арыстан баб, Гауһар ана Некропольдері. Түркістан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.Смағұлов) кешенді зерттеулер барысында Қожа Ахмет Иасауи кесенесі маңында 3 м тереңдікте жатқан көне Некрополь бар екенін, оның алғашқы Иасы қонысының кезінде қалыптасқанын анықтады. Некропольдерді зерттеу барысында жерлеу құрылыстарының түрлері, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері, заттық, рухани мәдениетке байланысты ғылыми құндылығы жоғары мол деректер алынады. Қазіргі күнде қалалық орталықтар міндетті түрде оның маңындағы Некропельдермен байланыстыра отырып зерттеледі. Некропольдер қала мәдениеті мен қалаларды қоныстанудың ерекшеліктерін де көрсетіп бере алады.[1]

  • Ремпель Л.И., Нек-рополь древнего Тараза, Л., 1957;
  • Смагулов Е.А., К реконструкции погребального обряда Южного Казахстана раннесредневековой эпохи
  • Новые исследования по археологии Казахстана, А., 2004

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы 7 том 2 бөлім