Мазмұнға өту

Палиндром

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Палиндром (грек. palindromos-"кері жүруші")-екі бағытта да бірдей оқылатын сан(айталық, 404), сөз(айталық, қазақ, фин. saippuakauppias-"сабын сатушысы"-әлемде қолданылатын ең ұзын палиндром сөзі), немесе мәтін. Кейде палиндром деп ортасына қатысты кез келген симметриялы символды айтамыз(бейресми түрде).


Палиндром мысалдары

Қазақ тілі: "қазақ", "қабақ", "ара", "ала", " аға ", " ада ", " аққа " , "Алла", " ана ", " апа ", " аса ", "ата", " ауа ", " аша ", " ене ", " кезек ", " кек ", " керек ", " кідік ", " кіжік", "көк", " қадақ ", " қақ ", " қалақ ", " қыдық", "қызық", "қылық", " қырық ", " нан ", " надан ", " неден ", " немен ", " сас ", " сес ", " Таңат ", " тарат ", " тат ", " тот", "тұт", " ушу ", " шаш ", " шош ", " іні ", " ірі ", " ісі ", " іші " т.б.

Ағылшын тілі: "Madam, I'm Adam"(Ханым, мен Адаммын).

Орыс тілі: "А роза упала на лапу Азора"(Раушан Азордың табанына жығылды); "Аргентина манит негра"(Аргентина дәңгіні арбап шақырды).

Латын тілі: "Sum summus mus"(Мен-ең мықты тышқанмын).

Фин тілі: "Saippuakivikauppias"(Әлемдегі ең ұзын палиндром сөз).

Сандық палиндромдар: 676, 25952.


Сондай-ақ, палиндромдар музыка мен биологияда да кездеседі.