Мазмұнға өту

Пенелопе Крус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Пенелопе Крус
Penélope Cruz
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Пенелопе Крус Санчес

Туған күні

28 сәуір 1974 (1974-04-28) (50 жас)

Туған жері

Алькобендас, Мадрид, Испания

Азаматтығы

 Испания

Мамандығы

актриса

Марапаттары

«Оскар» (2009)

IMDb

ID 0004851

Пенелопе Крус (ис. Penélope Cruz Sánchez, 28 сәуір 1974 жылы дүниеге келді, Мадрид, Испания) — испан актрисасы, «Оскар» 2009 «Вики Кристина Барселона» киносында үздік екінші пландағы әйел рөлі үшін ие болды. Ол Педро Альмодовардың киносы бойынша танымал бола бастады.

1974 жылы 28 сәуірде Мадрид қаласында, кішігірім тауар сатумен айналысатын кәсіпкер мен шаштаразшы отбасында дүниеге келді. Бала кезінен би, джазбен айналысады және 9 жастан Испан ұлттық консерваториясында классикалық балетке үйренеді. 15 жасында телешоу және музыкалық клиптерде ойнай бастайды. Ал 1991 жылы «Грециялық лабиринт» фильмінде кинодебют жасайды.

1992 жылы «Сұлулық эрасы» киносында ойнайды, бұл кино ұлттық жүлделерге ие болып, Америкалық киноакадемия тарапынан үздік шетел фильмі деп танылды. 1997 жылы Пенелопе шынымен де танымал болды. Бұл танымалдылық «Жаны бар тән» және «Көзіңді аш» киноларымен келді.

1999 жылы Кан фестивалі Альмодовараның «Барлығы менің анам туралы» киносымен басталды, осыдан кейін актриса Мэтт Дэймон («Тұсаусыз жүректер»), Джонни Депп («Кокаин»), Николас Кейдж («Корелли капитанның таңдауы»), Сальма Хайек («Қарақшы қыздар»), Том Круз («Ванильді аспан») және т.б. танымал актерлермен ойнай бастайды. и др.

Пенелопеның сіңлісі — Моника Крусактриса, әрі биші.

Фильмография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Фильм Рөл Белгілер
1992 Сүрлеген шошқа май, сүрлеген шошқа май (Jamón, jamón) Silvia
Сұлулық эрасы (Belle epoque) Luz
1997 Көзіңді аш (Abre los ojos) Sofía
Жаны бар тән (Carne trémula) Isabel Plaza Caballero
1998 Сен армандаған қыз (La niña de tus ojos) Macarena үздік актриса Goya Award лауреаты
Дон Жуан (Don Juan) Mathurine
1999 Барлығы менің анам туралы (Todo sobre mi madre) Sister María Rosa Sanz
2000 Тұсаусыз жүректер (All the Pretty Horses) Alejandra
Феминистка (Woman in Top) Isabella Oliveira
2001 Кокаин (Blow) Mirtha Jung
Құдайдан жаңалық жоқ (Sin noticias de Dios) Carmen Ramos
Корелли капитанның таңдауы (Captain Corelli’s Mandolin) Pelagia
Ванильді аспан (Vanila Sky) Sofia Serrano
2003 Фанфан-тюльпан (Fanfan la tulipe) Adeline La Franchise
Готика (Gothika) Chloe Sava
2004 Басы бұлттарда (Head in the Clouds) Mia
Кетпе (Non ti muovere) Italia
Ноэль (Noel) Nina Vasquez
2005 Сахара (Sahara) Eva Rojas
2006 Хромофобия (Chromophobia) Gloria
Қарақшы қыздар (Bandidas) María Álvarez
Оралу (Volver) Raimunda «Оскар» номинациясы, үздік актриса — премия «Гойя»
2007 Қайырлы түн (The Good Night) Anna
Манолете (Manolete) Antoñita «Lupe» Sino
2008 Элегия (Elegy) Consuela Castillo
Vicky Cristina Barcelona María Elena Оскар-2009 — Екінші пландағы үздік актриса
2009 G-Force Juarez (дыбысталу) post-production
Тоғыз (Nine) Carla pre-production
Үзілген құшақтар (Los abrazos rotos) Magdalena режиссёр Педро Альмодоваромен 4-киносы