Пётр Иванович Багратион
Пётр Иванович Багратион | |
პეტრე ივანეს ძე ბაგრატიონი | |
Портрет П. И. Багратионның портреті, Джордж Доу, Эрмитаж, Санкт-Петербург[1] | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Тифлис немесе Кизляр |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Владимир облысы, Ресей |
Мемлекет | |
Әскер түрі |
Армия |
Қызмет еткен жылдары | |
Атағы |
инфантериядан генерал |
Шайқасы |
Пётр Иванович Багратион (груз. პეტრე ივანეს ძე ბაგრატიონი; 1769 — 24.09.1812(12)) — орыс армиясының қолбасшысы[2]. Суворов жорықтарының және 1812 жылғы Отан соғысының каһарман батыры, инфантериядан генерал.
1969 ж. Кизляр қаласында байырғы грузин князы тегінен шыққан отставкадағы полковник отбасынан шыққан[3] . Кей мәлімет бойынша 1965 ж. Грузияның Тифлис қаласында туған[4].
Әскери қызметі 1782 жылдан басталды. Орыс-түрік соғысына (1787-91) және Поляк компаниясына (1793-94) қатысты. 1798 ж. - полковник, 6-егерлер полкінің командирі, 1799 ж. - генерал-майор. Суворовтың Италия және Швейцария жорықтарында (1799) Багратион орыстың авангардтағы әскерлерін басқарды. Багратион басқарған әскерлер Адда, Треббия өзендерінде, Нови түбінде болған шайқастарда маңызды роль атқарды. Сен-Готарда, Шайтан көпірі маңында ерлікпен шайқасты. 1805-07 ж. Франциямен болған соғыста Багратион орыс армиясының арьергардын басқарып, Шенграбен, Прёйсиш-Эйлау және Фридланд жанындағы ұрыстарда ерекше көзге түсті. Багратион 1808-09 ж. орыс-швед соғысында дивизияны басқарды, Таммерфорс және Або жанында жеңіске жетті. 1809 ж. Аланд экспедициясын, 1806-12 ж. орыс-түрік соғысында Молдавия армиясын (шілде 1809- наурыз 1810), Подольск армиясын (1811 жылдың тамызынан), 1812 ж. Отан соғысында 2-шң Батыс армиясын (1812 ж. наурыздан) басқарды. 1812 ж. Бородино шайқасында орыс армиясының сол жақ қанатына басшылық етіп, ерекше табандылық пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Осында ауыр жараланып, Владимир губерниясы Симы селосында қайтыс болды. 1839 ж. оның мүрдесі Бородино даласына көшірілді[5] .
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Государственный Эрмитаж. Западноевропейская живопись|1981||стр.251, кат. № 7818
- ↑ Данилов А. А.,История России, IX-XIX века: справочные материалы,[1] изд.Владос,1998
- ↑ Анисимов Е. Генерал Багратион. Жизнь и война. — М.: Молодая гвардия, 2009. — (ЖЗЛ). — ISBN 978-5-235-03282-8; Цинцадзе З. Д. Неизвестный" вам князь Багратион. Мұрағатталған 23 ақпанның 2015 жылы. Военно-исторический журнал. 1994. № 6. С.88-92.
- ↑ Микаберидзе, Александр «Лев русской армии». Петр Иванович Багратион 1765—1812 годах (орыс.) (html). www.museum.ru (1999). Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 тамыз 2011. Тексерілді, 18 қазан 2009.
- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2том