Ресей Ұлттық футбол құрамасы
Ресей Ұлттық футбол құрамасы | |||
Логотип | |||
Конфедерация |
УЕФА (Europe) | ||
---|---|---|---|
Федерация |
Ресей футбол одағы | ||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Сергей Игнашевич (127) | ||
Үздік бомбардир |
Александр Кержаков (30) | ||
Формасы | |||
| |||
Ресей 9–0 Сан-Марино | |||
Германия 16–0 Ресей | |||
Қатысу |
4 (бірінші 1994) | ||
Жетістіктері |
Ширек финал 2018 | ||
Еуропа чемпионаты | |||
Қатысу |
6 (бірінші 1996) | ||
Жетістіктері |
Жартылай финал, 2008 | ||
Футболдан Ресей Ұлттық құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда Ресейдің намысын қорғайтын құрама. Ресей Футбол Одағы бақылауында. ФИФА және УЕФА мүшесі. 1923-91 жылдары халықаралық турнирлерде ойнаған КСРО құрамасы мен 1992 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан ТМД құрамасының ізбасары саналады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресей құрамасы КСРО құрылғанға дейін де бас қосып, біраз бейресми турнирлерге қатысты. Қазіргі тарихы 1992 жылдан басталады. 1992 жылғы Еуропа чемпионаты аяқталған соң, ТМД құрамасы тарады да, Ресей құрамасы өзінің жаңа тарихын бастады. 1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қатысып, финалдық турнирге жолдама алды. Бірақ 1994 жылы да, 1996 жылғы Еуропа біріншілігінде де топтан шыға алмады.
Ерекше табысы ретінде 2008 жылғы Еуропа біріншілігіндегі жартылай финалды айтуға болады. Құраманы ол турнирде нидерландылық маман Гус Хиддинк баптады. Турнирді Испаниядан 1:4 есебімен ойсырай ұтылып бастағанымен, кейінгі екі қарсыласы Грекия мен Швецияны тиісінше 1:0, 2:0 есептерімен ұтып, 1/4 финалға өтті. 1/4 финалда Нидерланд құрамасымен кездесті. Ресейліктер ұзақ уақыт бойы 1:0 есебімен алда тұрды да, 86-минутта Нистелрой есепті теңестіріп кетті. Бірақ қосымша таймда тағы екі гол соққан Ресей құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Бірақ тағы да испандықтармен тоқайласып, 0:3 есебімен ұтылып қалды.
ЕУРО-2012, ӘЧ-2014, ЕУРО-2016 турнирлерінде топтан шыға алмады. 2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейде өткізілетіндіктен, турнирге құрама іріктеусіз жолдама алды да, Уругвай, Мысыр, Сауд Арабиясы құрамаларымен бірінші топқа түсті. Алғашқы турда 5:0 есебімен арабтарды ойсырата ұтып, екінші турда Мысырды қапы қалдырды — 3:1. Үшінші турда Уругвайдан 0:3 есебімен ұтылды да, екіншщі орынмен 1/8 финалға шықты. Аталмыш раундта Испаниямен 120 минут бойы 1:1 есебімен тең ойнап, пенальтилер сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2008
Бас бапкерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жанкүйерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ресейдің Ұлттық командасы құрамасының жанкүйердің алып саны. Мінбелерде барысында құраманың ойынының жиі бір мезгілде "Катюша" деген ән келеді.
-
Арада әлемде ең үлкен баннер (130 на 80 м)
-
Ресей Жанкүйерлер
-
Ресей Жанкүйерлер Еуропа чемпионатта
-
Ресей Жанкүйерлер Еуропа чемпионатта
Сiлтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Russia national football team |
- Ресей Ұлттық футбол құрама командасы ФИФА сайта Мұрағатталған 1 шілденің 2008 жылы. (орыс.)
- Тарихи, статистика, ойындар (орыс.)
- Страница сборной на сайте РФС Мұрағатталған 30 қазанның 2011 жылы. (орыс.)
- Ресей жанкүйерлер сайты Мұрағатталған 26 мамырдың 2010 жылы. (орыс.)
- Ресей Ұлттық футбол құрама командасы сайты (орыс.)
- КСРО мен Ресей (орыс.)
- Ресей Ұлттық футбол құрама командасы EURO 2012 сайта Мұрағатталған 14 мамырдың 2012 жылы. (поляк)
|