Сербия және Черногория
Сербия және Черногория Државна Заједница Србија и Црна Гора Državna zajednica Srbija i Crna Gora | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Әнұраны Хеј, словени/Hej, sloveni | |||||||||
2006 жылғы Сербия және Черногория картасы | |||||||||
Астанасы | Белград[1] | ||||||||
Тіл(дер)і | сербше | ||||||||
Ақша бірлігі | Серб динар (Сербия) Еуро (Черногория және Косово) | ||||||||
Аумағы | 102 350 км² (2006 жыл) | ||||||||
Халқы | 10 832 545 адам (2006 жыл) | ||||||||
Басқару формасы | Республика | ||||||||
Президент | |||||||||
- 2003—2006 | Светозар Марович | ||||||||
Сербия және Черногория — Балқан түбегінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 102,3 мың км². Халқының саны 10 млн. 833 мың адам (2006). Негізгі тұрғындары сербтер мен черногориялықтар, одан бөлек хорваттар, албандар және босниялықтардан тұрады. Астанасы — Белград. Ресми тілі — серб тілі. Халқының 80%-ы православие дінін ұстанушылар, 16%-ы мұсылмандар. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — скупщина. Әкімшілік бөлініс жағынан екі федеративтік мемлекет пен Сербиядағы екі автономиялық провинцияға (Воеводина және Косово мен Метохия) бөлінеді. Ақша бірлігі — Сербияда серб динары (Косовода еуро), Черногорияда еуро. Сербияның солтүстік бөлігін орта Дунай жазығының оңтүстік шеті, орталығы жағын Серб таулы қыраты мен Шығыс Серб тауларының жоталары, оңтүстігін Косово Поле және Метохия қазан шұңқырлары, таулы, үстіртті өлке алып жатыр. Ең биік жері — Кораби жотасы (2764 м) оңтүстік-шығыс Сербияда. Черногория аумағының көпшілік бөлігін Динар таулы қыраты алып жатыр. Климаты қоңыржай континеттік. Ауаның орташа температурасы қаңтарда 0 — 1ӘС, шілдеде 18 — 23ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 — 1000 мм. Басты өзендері — Дунай, Сава, Тиса, Морава, Дрина. Алқабының 25%-ына жуығы орман. Сербия және Черногория аумағын қола дәуірде иллириялық, фракиялық тайпалар, кейін кельт тайпалары мекендеді. Черногорияның қазіргі жері 11 ғасырға дейін Диоклея (Дукля) кейін Зета деп аталды. Б.з. 1 ғасырында Римнің Далмация провинциясының, ал 297 ж. Превалитан провинциясының құрамына кірді. 6 — 7 ғасырларда Сербия және Черногория аумағында славяндар қоныстанды. 8 — 10 ғасырларда Сербия жерінде алғашқы князьдіктер (Рашка, Хум, т.б.) пайда болды. 9 ғасырдың 2-жартысында сербтер христиан дінін қабылдады. 10 ғасырдың ортасында сербтердің алғашқы ірі мемлекет одағы (Серб князьдігі) құрылды. Ал Черногория болгар патшасы Самуилдың қол астына қарады. 11 ғасырдың басында Сербияны Византия жаулап алды. Князь Стефан Неманя (1170 — 96) тұсында біртұтас серб мемлекеті қалыптасты. 1217 ж. Сербия корольдік болып жарияланды. Стефан Душан (1331 — 55) тұсында серб-грек мемлекеті құрылды. 1459 ж. сербтер, 1499 ж. черногориялықтар Осман сұлтандығына қарады. 19 ғасырдың бас кезіндегі сербтердің тәуелсіздік алу жолындағы күресінде (1804 — 15) Черногория Ресей мен Сербия жағында болды. Ресей Патшалығының дипломаттық қолдауына сүйенген серб халқы Осман сұлтандығын Сербияның автономия құқын мойындауға мәжбүр етті. Дегенмен Сербия жерінің оңтүстік бөлігі Осман сұлтандығының езгісінде, ал солтүстік бөлігі Австрия империясының құрамында қалып қойды. Орыс-түрік соғыстарында Ресейдің жеңіске жетуі нәтижесінде Сербия Берлин конгресінің (1878) шешімі бойынша толық тәуелсіздік алып, оңтүстік аумағын едәуір кеңейтті. Берлин конгресінің (1878) шешіміне сәйкес, Черногория тәуелсіз мемлекет болып танылды. 1881 ж. Австрия-Сербия конвенциясы Сербияны Австрия-Венгрияның іс жүзіндегі протекторатында қалдырды. Австрия-Венгрияның қолдауымен князь Милан 1882 ж. өзін король, Сербияны корольдік деп жариялады. Балқан соғысы (1912 — 13) нәтижесінде Сербия өз аумағын екі есеге жуық ұлғайтты. 1915 жылдың аяғында Сербия аумағын австрия-герман және болгар әскерлері басып алды. 1918 ж. Сербия аумағы азат етілді. 1918 ж. 1 желтоқсанда Белградта біртұтас серб, хорват және словен корольдігінің (1929 жылдан Югославия) құрылғандығы жарияланды. 1941 ж. Сербияны бүкіл Югославиямен бірге фашистік Германия жаулап алды. 1944 ж. Кеңес Армиясы Сербия аумағын толық азат етті. 1945 ж. Сербия Югославия Федерация. Халық Республикасының (1963 ж. Югославия Федерац. Соц. Республикасы аталды) құрамына кірді. 1963 ж. сәуірде оның құрамына Черногория да кірді. 1991 ж. Югославия одағы тарап, оның құрамындағы республикалар тәуелсіздігін жариялаған кезде Сербия және Черногория бірігіп, жаңа Югославия Одақтас Республикасын құрды. 1992 ж. сәуірде Конституциясын қабылдады. Алайда бұрынғы Югославия орнында құрылған олардың бірлескен одағын БҰҰ мен көптеген елдер (әсіресе АҚШ) мойындаудан бас тартты. 2000 ж. олардың БҰҰ-дағы мүшелік құқы қайта қалпына келтірілді. 2002 ж. Сербия және Черногория жаңа келісімге келіп, Югославия атауынан бас тартты. 2003 ж. 4 ақпанда Сербия және Черногория деп аталатын одаққа бірікті. Осы жылы қабылданған конституциясы бойынша екі ел жеке бөлінуге құқылы. Сербия және Черногория — индустриалды-аграрлы ел. Алайда ұзақ уақыт болған соғыстарға байланысты инфрақұрылымы мен өнеркәсіп орындары қирап, экономикасы үлкен зиян шекті. Өнеркәсібінің басты салалары энергетика, металлургия, тау-кен, машина жасау. Ауылшаруашылығында егіншілік, дәнді дақылдар егуге мамандандырылған. Мал шаруашылығында шошқа, етті-сүтті ірі қара өсіру басым. Орман ш. дамыған. Экспортқа түсті металл, ағаш, дәрі-дәрмек, азық-түлік шығарып, сырттан ауыр машина, транспорт құрал-жабдықтарын, химия өнеркәсібінің өнімдерін, т.б. алады.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Экономикалық санкциялар кезеңімен, Косоводағы соғыс нәтижесінде Югославия инфрақұрылымы мен өнеркәсібінің бұзылуымен қиындаған экономиканы дұрыс басқару ел экономикасын 1990 жылғы деңгейдің жартысына дейін жеткізді.
2000 жылы қазанда Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичті экстрадициялаудан кейін Сербияның Демократиялық оппозиция коалициясының үкіметі тұрақтандыру шараларын қабылдады және нарықтық реформалардың агрессивті бағдарламасын бастады. 2000 жылы желтоқсанда Халықаралық валюта қорының мүшелігін қалпына келтіргеннен кейін Югославия Дүниежүзілік банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкіне қосылу арқылы халықаралық қоғамдастыққа реинтеграция процесін жалғастырды.
Техникалық жағынан Сербияның бір бөлігі болған Косовоның оңтүстік серб провинциясы (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1244 қарарына сәйкес) Косоводағы БҰҰ Уақытша Әкімшілік Миссиясының қамқорлығымен жергілікті автономияға көшті және халықаралық қауымдастықтың қаржылық және техникалық көмегіне тәуелді болды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |