Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрама командасы (серб.'fudbalska reprezentacija Srbije i Crne Gore; фудбалска репрезентација Србије и Црне Горе') — 2003-2006 жылдары бұрынғы Югославияның орнына футбол жарыстарында сынға түскен құрама. 2006 жылы Сербия және Черногория боп екіге бөлініп кетті. 2004 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуін Югославия деген атпен бастады да, Сербия және Черногория боп аяқтады.
2006 жылғы Германияда өткен әлем чемпионатында Кот-д'Ивуар, Нидерланд, Аргентина құрамаларымен үшінші топқа түсті. Бірінші турда Арьен Роббеннің жалғыз голы Нидерланд құрамасына жеңіс әперді. Келесі ойында Аргентина құрамасынан 0:6 есебімен ойсырай ұтылуға мәжбүр болды. Соңғы турдағы африкалықтармен ойын қызығырақ өтті. 20-минутта екі доп соққан Сербия және Черногория құрамасы кейін үш доп жіберіп алды. Айта кету керек, африкалықтар үш доптың екеуін пенальтиден соққан еді.