Мазмұнға өту

Сетиф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

СетифАлжирдің солтүстік-шығысындағы Сетиф провинциясындағы қала

Халық саны 240 мың адам шамасында (1998 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың жанында ежелгі Рим некрополі мен ірі византиялық бекіністің орындары сақталып қалған. Рим империясының кезінде нумидиялық Sitifis деген атпен белгілі болған. 1838 жылы француз әскері орналасқан және ірі ауылшаруашылық орталығы болған. 1945 қала тұрғындары мен Еуропа өкілдерінің арасында қақтығыстар болды. Нәтижесінде 100 адам қаза болған. Осыған жауап ретінде француздықтар жазалау операциясын өткізіп, шайқаста шамамен 6 мыңнан 8 мыңға дейін адам қаза болды. Алжир президенті Әбдел Әзиз Бутефлик бұл операцияны алжир халқының зұлматының бастамасы деп айтты. Тарихта ол «Сетиф қырғыны» деген атпен белгілі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]