Мазмұнға өту

Синай түбегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Синай түбегі
араб.: سيناء
Ніл сағасы мен Синай түбегі
Ніл сағасы мен Синай түбегі
Сипаттамасы
Ауданы25 000 — 60 000 км²
Ең биік нүктесі2637 м
Орналасуы
29°30′ с. е. 33°50′ ш. б. / 29.500° с. е. 33.833° ш. б. / 29.500; 33.833 (G) (O) (Я)Координаттар: 29°30′ с. е. 33°50′ ш. б. / 29.500° с. е. 33.833° ш. б. / 29.500; 33.833 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияҚызыл теңіз
Ел Мысыр
Синай түбегі (Мысыр)
Синай түбегі
Синай түбегі Ортаққорда

Синай түбегіБатыс Азиядағы Қызыл теңіздің Суэц және Акаба шығанақтары аралығында; Мысыр жерінде. Аумағы 25 мың км². Оңтүстігін гранит, гнейс, кристалды тақтатастан тұратын тау (Катерин тауы, биіктігі 2637 м), солтүстігін 500 — 1000 м-ге төмендеген, күшті тілімделген Эгма үстірті алып жатыр. Суэц шығанағын бойлай жіңішке құмды ойпат орналасқан. Мұнайдың (Судр, Әбу-Рудайс, Әт-Тур), марганец кентасының (Умм-Бугма) кен орындары бар. Климаты субтропиктік, тропиктік; ыстық, қуаң. Жылдық жауын-шашын мөлшері 50 мм. Тұрақты өзені жоқ. Өсімдік жамылғысы сирек (эфемерлік). Көшпелі мал шаруашылығы (қой, ешкі, түйе) дамыған. Шұраттарда құрма пальмасы, арпа, жүгері өсіріледі. Сәулет өнері мен мәдени ескерткіштерден — қасиетті Екатерина монастыры (IV ғ.), Византия өнерінің құнды толық жинағы, орта ғасырлық қолжазбалар, ежелгі христиан икондары (VI ғ.) сақталған.