Сыра
Сыра — арпа, су және құлмақ (хмель) араластырыла ашылатын, күші аз, шөл қандыратын ішімдік түрі. Оның құрамында 4—10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3—0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, құлмақтың ащы қалдықтары, сондай-ақ 1,8—6% шамасында алкоголь болады. Сыра дайындауда арпаны тазалайды, жуады, суға салып жібітіп қабығынан ажыратады. Осы дәндерді көктетіп ары қарай ыстық бумен кептіріп диірменге тартады да, суға араластырады. Суда біраз ұсталған соң ол қою массаға айналады. Оны сүзіп, үстіне құлмақ салып қайнатады. Осыдан соң массаны қайта сүзіп суытады. Осы масса ашыту аппаратында 5—90°С температурада 7—8 тәул сақталады. Одан соң ары қарай ашыту және дәмі жетілу үшін 0—20°С температурада арнаулы ыдыста сақталады. Сыраның толық ашу уақыты 21—90 тәул.[1]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыра — Ежелгі Мысырда, Вавилон мен Қытайда белгілі болған сусын. Қазба жұмыстары кезінде Мысырда сыра қайнатудың ең көне рецепті табылды.[2] Орта ғасырлық Еуропада сыра өндірісі шіркеулердің қолында шоғырланған болатын. Сыраны біздің дәуірімізге дейінгі 3000 жылы герман және кельт тайпалары бүкіл Еуропаға таратқан, сына, негізінен, үйде қайнатылған.[3] Ертедегі еуропалықтар ішкен өнімді қазіргі таңда адамдардың көпшілігі сыра ретінде мойындамауы мүмкін. Ертеде еуропада қайнатылған сыра құрамында жемістер, бал, өсімдіктердің көптеген түрлері, дәмдеуіштер және есірткі шөптері сияқты басқа заттар болуы мүмкін. Сыраның құрамында құлмақ болмады, өйткені бұл өсімдік кейінірек қосылды, Еуропада 822 жылдары каролинг аббаты оны алғаш рет атап өтеді.[4]
1516 жылы герцог Вильгельм IV Бавариялық сыраның не екенін анықтайтын алғашқы заңды жазып шығады. Осы бір тазалық туралы заң ( Reinheitsgebot ) сыра дайындау үшін тек суды, арпа уытын және құлмақты ғана пайдалануға болатынын атап өтеді.[5] Мұның орнына Англияда Генрих VIII сыра қайнатушылар гильдиясының қысымымен құлмақты пайдалануға тыйым салды; бұл тыйымды оның ұлы Эдвард VI алып тастады және Шотландияда біраз уақытқа жалғасты. Ағылшын сыра қайнатушылары құлмақты пайдалануға асықпады. Ол кезде құлмақ қосылмаған сыраны элем дейтін, ал құлмақ қосылғаны сыра деп аталды. Осы уақытқа дейін арпа қосылған емес, құлмақсыз уытсыз сусындарды белгілеу үшін грюйт-эль таңбасы пайдаланылады.
1912 жылы Милуокидегі (Винконсон штаты, АҚШ) Joseph Schlitz Brewing Company сыра қайнату зауыты қоңыр бөтелкелерді пайдалана бастады. Бұл инновация содан бері бүкіл әлемде қабылданды, мұның өзі зиянды күн сәулесінің алдын алып, сыраның сапасы мен тұрақтылығының бұзылуына жол бермейді.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
- ↑ Вeer. britannica.com. Тексерілді, 24 қазан 2022.
- ↑ Beer history. web.archive.org. Тексерілді, 24 қазан 2022.
- ↑ Beer in the Middle Ages and the Renaissance. books.google.com. Тексерілді, 24 қазан 2022.
- ↑ German beer day: 10 types of german beer to try. drinkshouse247.co.uk. Тексерілді, 24 қазан 2022.
- ↑ Joseph Schlitz Brewing Co: A Chronological History 1907-1933. web.archive.org. Тексерілді, 24 қазан 2022.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |