Мазмұнға өту

Тар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үндістан мен Пәкістан шөлді және шөллейтті жазық. Инд өзенінің төменгі ағысындағы сол жағалауды бойлай 850 км-ге созылып жатыр, негізінен шығу тегі жағынан антропогенді. Аумағы шамамен 300 000 км. Ең биік жерлері 100–200 мертге дейін барады. Аллювийлі, теңіздік және текті кұмдардан қалыптасқан. Жер бедерінде кұм қырқалар, параболалық және тырма түрінде құмшағылдары да кездеседі. Климаты тропиктік, жылдық жауын-шашын мөлшері бат-нда 90 мм-ден шығ-нда 200 мм-ге дейін өзгереді. Мамыр-маусым айларында әдетте қатты желдер мен шаңды дауылдар соғады. Қырқалардың аралығындағы жазық жерлерді сорлар, тақырлап, тұзды көлдер алып жатыр. Грунттық сулары мол, тұзды. Өсімдіктері сирек негізінен салммофильді бұталардан тұрады, акациялар, қатты шөптер де кездеседі. Жайылымдық мал шаруашылығы, Инд өзеніндегі шұраттар мен жазықта суармалы егіншілік дамыған.