Мазмұнға өту

Томас Мур

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мур Томас (Moore, Thomas) -(28 мамыр 1779 жыл, Дублин, Ирландия - 25 ақпан 1852 жыл, Уилтшир, Англия), ирландтық ақын, сықақшы, композитор және әнші. [1].Тринити-колледжді тәмамдаған, Лондонда юриспруденцияны зерттеген, онда лорд Байронның және П.Б.Шеллидің жақын досы болды.

«Ирландские мелодии» және «Народные мелодии» (1807-34) жинақтарына «The Minstrel Boy», «Believe Me, if All Those Endearing Young Charms» және «The Last Rose of Summer» тәрізді халық музыкасына жазылған Мурдың 130 ғажап өлеңдері енді. Лондондық ақсүйектерге арналған Мурдың бұл өлеңдері ирландтық ұлтшылдардың аяушылық сезімін тудырып, қолдауға ие болды.

Мурдың атағы замандастырының арасында Байронмен және В.Сотпен бәсекеге түсті. «Лалла Рук» (1817) поэмасы, романтикалық шығыс қиялы, өз дәуіріндегі басқа тілдерге аударылған ең танымал поэмасы болды.

1824 жылы Байронның мемуарлары тапсырылды, болашақта Байронды қорғап қалу үшін ол мемуарлар сол кезде өртелген. Кейінірек Байронның және басқалардың да өмірбаянын, сондай-ақ «История Ирландии» (1827) еңбегін басып шығарады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)