Тропиктік циклон
Тропиктік циклондар, тропиктік дауылдар – мұхиттардың тропиктік ендіктерінде, көбіне 5 – 20 Со солтүстік ендік және оңтүстік ендік аралығында түзілетін атмосфералық жойқын құйын. Салыстырмалы диаметрі 300 – 400 км-ден аспайды, бірақ бір жерден екінші жерге орын ауыстырғанда қысымы өте үлкен мөлшерде өзгеріп, жел сұрапыл күшпен соғады. Дауылдың көзі деп аталатын орталығы бөлігінде желдің жылдамдығы 180 км/сағкейде 300 – 400 км/сағ-қа дейін жетеді. Одан теңізде биіктігі 20 – 30 м-дей толқын көтеріледі. Жекелеген Тропиктік циклондардың ұзақтығы бірнеше күннен 2 – 3 аптаға дейін созылады. Батыстан шығысқа қарай сағатына 15 – 20 км жылдамдықпен ауысады. Жылына орташа есеппен 70 – 80 (кейде 100-ден аса) Тропиктік циклондар (көбіне солтүстік Жарты шарда) байқалады. Оңтүстік және Шығыс Азия, Кариб теңізі алабындағы елдер, Африка мен Австралияның шығысын, Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі аралдарды қамтиды. Тропиктік циклондарды Шығыс Азияда тайфун, Австралияның солтүстік-батыс жағалауларында вилли-вилли деп атайды. [1]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 8 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |