УЕФА Кубогы (кубок)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(УЕФА Кубогі бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту

УЕФА Кубогы — 15 килограмм тұратын күміс тостаған. Еуропа Лигасында жеңімпаз болған клуб өзінде бір жыл сақтайды. Мәрмәр тығыршығының түпнұсқасы Миланның Бертони ұстаханасында 1972 жылғы финалға арналып жасалған. Кубоктың ұстағышы жоқ, сондықтан кубок жай, әрі әдемі көрінеді. Допқа таласқан ойыншылардың фигурасы жай сәндік фигура ғана емес, конструкцияның орнықтылығын қамтамасыз етеді. Кубоктың жоғарғы жағында 8 граммдық УЕФАның белгісі орналасқан.

УЕФА Кубогының ыдысы тығыз орналаспаған, сондықтан оған сұйықтық құюға болмайды. Әдетте жеңімпаз команданың ойыншылары жеңіп алған Кубокқa шампан құю үрдісінен айырылған.

УЕФА Кубогы- - ауыспалы кубок. Турнир жеңімпаз оны 1 жыл сақтап, оны клубтың өзінде қалатын 4/5 көшірмесіне алмасырады. УЕФА Кубогын 3 рет қатарынан немесе 5 рет жеңіп алған командаға Кубоктың түпнұсқасы беріледі. УЕФА Кубогының жабылып қалуына байланысты түпнұсқа турнирдің соңғы жеңімпазы Донeцкнің Шахтерінде қалдырылды.


Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]