Мазмұнға өту

Фортепиано

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Рояль

Фортепиано (итал. fortepіano, forte — қатты және pіano — ақырын) — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы.[1] Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709 — 11 ж. жасап шығарды. Фортепианоның екі түрі (рояль мен пианино) бар. Осы заманғы клавишті механикасы бар рояльды 19 ғасырдың басында С.Эрар (Парижде) ойлап тапқан. Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 7 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай типылданған сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см болады. Фортепианода ойнау үшін арнайы көптеген музыкалық шығармалар (мысалы, Л. ван Бетховен, “Апассионата” сонатасы; Ф.Шуберт, “Фантазия”; Р.Шуман, “Симфониялық этюдтер”; Ф.Лист, “Кезбешілік жылдары”, т.б.) жазылды. Музыкалық орындаушылық өнерде үздік пианиношылар есімі белгілі. Олардың қатарында: Лист (Венгрия), Э.Г. Гилельс, А.Б. Гольденвейзер, К.Н. Игумно, Л.Н. Оборин, С.Т. Рихтер, В.Д. Ашкенази (Ресей), Ж.Әубәкірова, Г.Қадырбекова (Қазақстан), т.б. бар.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы|«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Pianos