Мазмұнға өту

Хор (телесериал)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Хор
Glee
Хор (телесериал)
Жанры мюзикл
Комедия-драма
Идея авторы Райан Мерфи
Брэд Фэлчак
Иэн Бреннан
Рөлдерде Дианна Агрон
Крис Колфер
Джейн Линч
Джейма Мейс
Кевин Макхейл
Лиа Мишель
Кори Монтейт
Мэтью Моррисон
Эмбер Райли
Марк Саллинг
Дженна Ашковиц
Ная Ривера
Хизер Моррис
кіші Гарри Шам
Даррен Крисс
Корд Оверстрит
Алекс Ньюэлл
Мелисса Бенойст
Джейкоб Артист
Бекка Тобин
Блейк Дженнер
Грант Гастин
Композиторы Джеймс С. Левайн
Мемлекет Америка Құрама Штаттары
Тілі ағылшынша
Маусымдар саны 6
Сериялар саны 121
Өндіріс
Продюсер Алексис Брайан Вудалл
Майкл Новик
Кеннет Сильверстейн
Данте Ди Лорето
Режиссёрі Эрик Штольц
Сценарист Райан Мерфи
Брэд Фэлчак
Иэн Бреннан
Серия ұзақтығы 42—48 мин.
Статус Жабық
Хабар тарату
Телеарна Fox
Бейне форматы 480i
720p (HDTV)
Таратылым кезеңі 19 мамыр 2009 жылы — 20 наурыз 2015 жылы
Сілтемелер
IMDb ID 1327801
TV.com 75988
fox.com/glee Ресми сайты

«Хор» (ағыл. Glee – бірнеше адам айтатын өлең) – мюзикл, драма және комедия элементтері бар,

АҚШ пен Канадада Fox телеарнасында тікелей эфирде болған телехикая. Сюжетте ойдан шығарылған Огайо штатында, Лайма Уиллиям Маккинли мектебінің ішінде құрылған «Жаңа бағыттар» (ағыл. “New Directions”) хоры туралы баяндайды. Сюжет желісі хористтер арасындағы қарым-қатынастар (олардың ішінді 8 негізгі кейіпкер бар), хор жетекшісі , бір жағынан испан тілі мұғалімі және оған қоса хорды жапқысы келетін, қолдау тобының өктем бапкерінің көрсеткен қысымы туралы айтады[1].

Райан Мерфи, Брэд Фэлчак, Иэн Брэннан - телехикаяның авторлары. Пилоттық серия 2009 жылының 19 мамырында, American Idol шоуының финалынан кейін көрсетілді. Екінші эпизод 9 қыркүйек 2009 жылы шықты, ал бірінші сезонның соңғы эпизоды 9 маусым 2010 жылы шықты. Екінші сезон 21 қыркүйек 2010 жылы және 24 мамыр 2011 жылы аралығында, үшінші сезон 20 қыркүйек 2011 жылы және 22 мамыр 2012 жылы аралығында, төртінші сезон 13 қыркүйек 2012 жылы және 9 мамыр 2013 жылы аралықтарында көрсетілген. Бесінші сезон 26 қыркүйек 2013 ж. және 14 мамыр 2014 ж. және алтыншы, соңғы сезон, 9 қаңтар 2015 ж. және 20 наурыз 2015 ж. аралығында желіде жүрді. Актерлерді олардың вокалдық көрсеткішіне жіне актерлік шеберлігіне қарап, таңдаған. Телехикаяда орындалған композициялар өте әйгілі болды. Жалпылама алғанда, 42 млн сингл көшірмелері және 21 млн альбом көшірмелері сатылды, 200 аса композиция мен сингл Billboard Hot 100 чартында орын алды , бұл The Beatles пен Элвис Пресли кезіңінен кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш болды.

Трансляцияның басында телехикая критиктерден позитивті пікір алды,«Эммидың» 19 сыйлығына, «Алтын глобустың» 4 сыйлығына, «Спутниктің» 6 сыйлығына және басқа сыйлықтарға 57 әртүрлі номиция алды. «Хор» «Эммидің» «Үздік телехикая – комедия немесе мюзикл» номициясының екі рет иегері болды ( 2010 және 2011 жылдары). Ал 2010 жылы Крис Колфер «Үздік екінші планды актер – мини-телехикая, телехикая, телефильм» номициясында үздік болды. Джейн Линч «Эммиді» «Үздік екінші планды әйел актер – комедиялық телехикая» номинациясында ұтса, Нил Патрик Харрис «Үздік шақырылған актер – комедиялық телехикая» номинациясын алды, ал 2011 жылы Гвинет Пэлтроу «Үздік шақырылған әйел актер – комедиялық телехикая» номинациясынан ұтты.

Негізгі кейіпкерлерінің бірі Уилл Шустер, испан тілінің мұғалімі, хорды құруды бастайды. Басында коллектив тек қана өз сыныптастарының қорлаушылығына түсетін оқушыларды қызықтырды. Шустер хордың деңгейін көтергеннен кейін, хорға мектепте танылған оқушылар қосылады. Аздап – аздап бір команда болып, өзіне шенушілік пайда болады. Осылай олардың «танымал» және «бейбақ» деп бөлетін, касталық жүйеге иммунитеті пайда болады.

Актерлік құрам және кейіпкерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Актер Крис Колфер Курт Хаммелдің рөлін орындады
Кори Монтейт Финн Хадсонның рөлін ойнады

Кастинг кезінде телехикаяның негізін қалаушылардың бірі – Райан Мерфи, театралдық рөлдерді ойнауға ұмтылысы бар актерлерді іздеді. Осылай ол 3 ай Бродвейдегі актерлерді бақылай отырып, Мэттью Моррисонға, Лиа Мишельге, Дженна Ашковицке рөлдерді ұсынды.

Джейн Линч  Сью Сильвестрдің рөлін ойнады

Әдеттегі тыңдалымға келгендер өз актерлік шеберлігінен басқа, вокалдық және би шебрлігін көрсету керек болды. Осылай, кәсіби тәжірибесі жоқ Крис Колфер Арти Абрамс рөліне тыңдалым өтті. Тыңдалымда «Чикаго» мюзиклдан «Mr. Cellophane» композициясын орындады. Кастинг- директорлары Колфердің орындауы өнеріне таңғалғаны соншалық, әдейі Колфер үшін Курт Хаммел кейіпкерін еңгізді. Джейма Мейс тыңдалым кезінде The Rocky Horror Show мюзиклдың «Touch-a, Touch-a, Touch-a, Touch Me» партиясын орындады, ал Кори Монтейнт өз агенті арқылы ол қарындашпен тамақ контейнерімен жасалған барабандық қондырғыда ойнаған видеоны жиберді. Райан Мерфиге бұл идея ұнаған, бірақ оның вокалын да естісі келген. Осылай Монтейт REO Speedwagon америкалық рок-тобының «Can’t Fight This Feeling» композициясын орындады, ал кейін Лос- Анджелесте өткен «жанды» тыңдалымда қатысты. Кевин Макхейл өз тобымен келгеніне қарамастан, рөл тек қана Макхейлге берілді. Джейн Линч ең басында «қонақ» рөлін ойнауға келіскен[2], бірақ сосын тұрақты екінші планды актер ретінде келісім-шартқа қол қойды. Оның кейіпкері телехикаяның харизмалық кейіпкерлерінің бірі және кейбір серияларды бірінші планға шығарылған. Нәтижесінде, «Хорда» 15 актер тұрақты рөлдерді алды. Моррисонге Уилл Шустердің – испан тілінің ұстазы және қосымша хордың жетекшісінің рөлі берілді. Джейн Линч қолдау тобының өктем және хорды жабуды мақсаттанатын бапкердің рөлін алды. Мейс, Эмма Пиллсберидің - обсессивті-компульсивті бұзылуымен ауырытын, мектеп психологының рөлің алды, Шустерге ғашық. Шустердің әйелің (кейін бұрынғы әйелінің), Терри Шустердің рөлі Джессалин Гилсигке берілді. Хористтер арасында хордың лидерінің рөлін - Рейчел Берридің , Лиа Мишель алды. Монтейт Финн Хадсонның – хордың негізгі солистінің және футбол командасының капитанының рөлін алды. Эмбер Райли ұжымға Мерседес Джонстың рөлімен қосылды – қара нәсілді, меццо-сопрано жанрында ән салатын , соло партиясының жоқтығына наразылық білдіретін хорист. Крис Колфер, Курт Хаммелді ойнады – ашық гей болғандықтан қорлауға ұшырайтын және озінің контртенорын қолданып, кейбір кезде хорда әйел партиясын орындайтын хорист. Макхейлге Арти Абрамстың рөлі берілді – аяқ параличі бар және мүгедектер арбашасын қолданатын хорист. Ашковиц Тина Коэн-Чангтың рөлін алды – корей ата-тегі, американдық, сөйлеу дефекті бар деп алдайтын хорист. Марк Саллинг Ной «Пак» Пакерман – Финның досының рөлін алды. Диана Агрон Куинн Фабренің – қолдау тобының капитанының рөлін алды. Ная Ривера мен Хизер Моррис екінші кезектегі Сантана Лопес пен Бриттани Пирстің рөлдерін алды, алайда екінші сезонда олар бірінші планды актерлер болды. Майк О’Мелли Курттың әкесін ойнады, екінші сезнда да тұрақты рөлге ие болды.

Үшінші сезонда Мерфи екі кейіпкерді бірінші планға шығаруды шешті. Олар: биші және әнші Майк Чангты (рөлін Гарри Шам-кіші ойнайды) және Даррен Крисстің ойнайтын Курттын жігіті, Блейн Андерсон. 2011 жылдың маусымында Мерфи актерлік ұжым жарым-жартылай өзгеретінің айтты. Өйткені, сюжет бойынша кейбір кейіпкерлер мектепті бітіру керек. Алайда Брэд Фэлчак, кейіпкерлердің мектеп бітіруі олардың телехикаядан кетуін білдірмейді деп айтты.

Жарнамалар,ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сурет:Glee posters.jpg
Постер, Хор-телесериалы

Симпсон, Кливленд шоуларының кейбір эпизодтарында қонақ ретінде болған. 2010-шы жылы The X Factor - әйгілі жарыста қатысқан.Бірнеше рет PTS(ата-аналардың телекеңесі)-дан түрлі 18+ ақпарат, көрініс болуынан арыздар түсті. Түрлі музыкалық марапаттау кештерінде жүргізуші,қонақ ретінде болған. Постерден біз 'Glee' сөзіндегі 'L' әріпінің саусақпен көрсетілуін көре аламыз, бұл 'Loser'( ағылш. атақты емес, жеңілген тұлға) символы. Ал актер тобының қолындағы жемісті сусындар мектептегі басты келемеждеу символы, яғни мектептің сұр тышқандарының бетіне шашатын сусын.

Музыка-хореография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сыртқы медиафайлдар
эпизодтардағы қойылымдарға мысал
Total Eclipse Of The Heart
Stereo Hearts
Smooth Criminal

Әр эпизодта бірнеше ән қойылымдары болғандықтан, барлық ән таңдаудағы жауапкершілік Мерфида болды. Телехикаяда негізінен каверлер жасалатын, бірақ та 'Loser Like Me', 'Get It Right', Original Song' жеке туындылар болып саналады. Каверлердің атақты болғандығы сонша, 'Showmance' сериясындағы , Рианнаның 'Take a Bow' туындысының сатылымы "Хор"-дың каверінен кейін 189% өсті. Кейбір әртістер өз әндерін орындауға келісім бермеген, солардың ішінде ойын кейін өзгерткен Coldplay, әндерін ұсынған Билли Джоэл бар. Енді қойылымдардағы хореографияға келсек оның барлығының ұйымдастырушысы Зак Вудли болды. Әр би хореографиясы түсірілім алдында 6-8 апта бұрын дайындалатын. Актерлер құрамасының өнімділігі сонша, күніне 10 сағаттан кем емес жұмыс жасайтын, әр серияға 3млн АҚШ доллары жұмсалатын.


Glee Live!In Concert!

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

New Directions Don't Stop Believin'


Концерттік турлар туралы алғаш рет 2010-шы жылдын наурыздарында , твиттер әлеуметтік желісінде шыға бастады. Атағы әйгілі бола бастаған Glee Cast-тың бірінші туры 2010-шы жылы Финикс,Чикаго,Роуксмонт,Лос-Анджелес,Нью-Йорк қалаларында өтті. Ол кезде хорситтер тек өздері емес , құрамында телехикаяның негізгі актеры - кіші Гарри Шам бар, The LXD би тобымен бірге қойылым жасады. 2-ші тур құрамға қосылған жаңа 3 актермен (Даррен,Корд,Эшли) бірге, 2011-ші жылдын мамырында, АҚШ-тың 18 қаласында, Еуропаның 3 қаласында - Дублин,Манчестер,Лондонда өтті. Жағымды кері байланыстар көбейіп, шамамен билеттің 99%-ы сатылып , $ 5 млн көһлеміндегі қаражат әкелді. 44 қойылым $45 млн-ға бағаланып, 2010-шы жылы Billboard журналында "hot performances" тізімі бойынша 9-шы орында болды.


Фильмде кейіпкерлердің сахна артындағы жағдайы, олардың жанкүйерлерге әсері, хористтер арасындағы қарым-қатынастар көрсетілген. Фильмнің жалпы табысы - $15 млн, ал бюджеті $9 млн. Киноның нгеізгі сипатына сілтеме

Жанкүйерлер өкілі,пікірлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жанкүйерлер өздерін "gleek"(ағылш.тәуелді) деп атайды. "Фурт" эпизодынан кейін түрлі Финчел(Финн+Рейчел),Британна(Британни+Сантана),Клейн(Курт+Блейн) фандомдары пайда бола бастады. Режиссерлер атақты біршама көтеру үшін түрлі "Biggest Gleek" сияқты сайыстарды facebook , myspace әлеуметтік желілерінде өткізіп отырды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Alessandra Stanley Motley Crew of School Misfits Sings, and Annoys the Cool Kids  (ағыл.). NY Times (18 мая 2009). Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 қаңтар 2012. Тексерілді, 8 қыркүйек 2011.
  2. Andreeva, Nellie Trio promoted to series regulars  (ағыл.). The Hollywood Reporter (24 апреля 2009). Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 қаңтар 2012. Тексерілді, 6 қыркүйек 2011.