Шаһиншаһ
Көрініс
Шаһиншаһ немесе шаһаншаһ (парсы: شاهنشاه , «патшалардың патшасы» мағынасын береді) — ежелгі парсы (Ахемен әулеті мидиялықтардан алған), одан кейін ирандық патшалардың атағы.
Бұл атақ алғашқы рет Иранды билеп отырған Сасани әулетімен қабылданған, бірақ ол Ахемен әулетінің кезеңіндегі атақ «xšāyaθiya xšāyaθiyānām»-дан бастау алған. Сондықтан бірінші шаһиншаһ деп Ұлы Кирді атайды. Бұл атақ үзілістермен 2500 жыл бойы қолданыста болған. Соңғы шаһиншаһ Мұхаммед Реза Пехлеви 1979 жылы болған Иран ислам революциясының кезінде тақтан тайдырылды. Оның ұлы Реза Кир Пехлеви иран монархисттерімен заңды шаһиншаһ саналады.
Шаһиншаһқа ұқсас «Basileos Basileon» атағын Византиялық император Ираклий Сасанилерді жеңгеннен кейін алған.
Ахеменилерден кейін шаһиншаһ атағын алған әулеттер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әулет | Мемлекет | Билік жылдары |
---|---|---|
Сасани әулеті | Эраншахр | 226—651 |
Бағратилер әулеті | Ания патшалығы (Армения) | 921—1045 |
Буилер әулеті | Ирак пен Иран | 978—1055 |
Селжұқ әулеті | Ирак пен Иран | 1037—1152 |
Сефеви әулеті | Иран | 1501—1794 |
Хотаки әулеті | Иран | 1722—1729 |
Афшари әулеті | Иран | 1736—1795 |
Зендтер | Иран | 1782—1794 |
Қажарлар әулеті | Ұлық Иран мемлекеті | 1796—1925[1] |
Пехлеви әулеті | Иран Шаһаншаһ мемлекеті | 1925—1979 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 1943 жылға дейін таласты